ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Петропавлда ардагерлер клубы ашылды

21:10, 6 қазан 2016

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасымен Петропавлда зейнеткерлерге арналған клуб ашылды. Енді, аға буын өкілдері бос уақыттарын замандастарымен бірге әрі тиімді өткізе алады. Клубтың жұмысымен танысқан аймақ басшысы ақсақалдарға үстел ойындарының жинағын тарту етті.

Зейнеткерлер үшін клуб ашуды  соғыс ардагері Сұлтан Мұхамеджанов  ұсынған  болатын. Қарттарды қолдау күніне орай үйіне келген облыс әкімі Ерік Сұлтановқа ақсақал осындай қолқа тастаған.  Аймақ басшысы тілегін екі еткізбеді. Жаңа клубтың мақсаты: зейнеткерлердің бос уақыттарын тиімді өткізулеріне септесу. Олар мұнда шахмат, тоғызқұмалақ сынды ойындар ойнап, шер тарқаса алады.

Зейнеткерлерді жаңа клубтың ашылуымен құттықтай келген өңір жетекшісі оларға үстел ойындарының жинағын сыйлады. Ақсақалдармен әңгіме барысында   Ерік Сұлтанов   облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы да айта кетті.

Қазір, облысымызда 99 мың, Петропавлда 40 мыңнан астам зейнеткер бар. Олар үшін облыстық ардагерлер кеңесінің қарамағында екі клуб жұмыс істейтін. «Пікір алмасу» және «Ардагер» деп аталатын қос клубтың қатары тағы біреуімен толықты. Енді, зейнеткерлер күнделікті екіден беске дейінгі уақыттарын осы жерде өткізе алады.

Фариза ЖАЗИТОВА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН  ҚАБЫЛДАДЫ
15:05, 20 мамыр 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
17:50, 15 мамыр 2019
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...