ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Петропавлда құрылыс қарқын алуда

21:01, 23 қараша 2016

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавлдағы құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралады.Оның ішінде шаһардағы салынып жатқан 12және 16 қабатты үй мен Севказэнерго кәсіпорнының жұмысшылары үшін тұрғызылып жатқан жатақхана да бар.Қазіргі таңда екі нысанда да жұмыстар қарқын алған. Соңғысы желтоқсанда қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Партизан-Жамбыл және Маяковский көшелерінің қиылысында 2014 жылдан бері тұрғызылып жатқан үйлерге  Казградстрой серіктестігі мердігерлік етеді. Алдымен 12 қабатты баспана салынды. Қазіргі кезде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл Петропавлдағы ең биік әрі элиталы үйлер болмақ.сонымен қатар,  16 қабатты баспананың да  құрылыс қолға алынған. Кең аулада балалар алаңы болады. Онда футбол, баскетбол алаңы, және ең кішкентай тұрғындар үшін жағдай жасалған.

Балалар алаңына көңілі толған облыс әкімі, қаланың өзге де аулаларын дәл осылайша абаттандыруды ұсынды. Сонымен қатар,  мұнда жерасты паркингі қарастырылған. Ол  ғимарат төлқұжаты бойынша 80 көлікке шақталған. Бұл шаһардағы алғашқы жабық автотұрақ болмақ.Қазіргі кезде бұл паркингтегі орындарды тұрғындар сатып алған.

Кейін аймақ басшысы, кәріздік тазарту ғимаратын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі кезде мұнда жаңалаудың 4-ші кезеңі жүргізілуде. 5 бірлік техника мен 72 маман жұмыс істеуде. Ал құрал-жабдық сырттан әкелінбек. Олар алдағы желтоқсан айында толық жеткізілмек.Кәріздік тазарту ғимаратының құрылысын бақылап өткен өңір жетекшісі, жұмыстарды сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды. Сонымен бірге, бөлінген қаражатты тиімді игеруге міндеттеді.

Ал мына бес қабатты нысанда, Севкаээнерго серіктестігінің жұмысшылары тұрмақ. Оны мекеме арнайы өз мамандары үшін, отбасылық жатақхана үлгісінде, қайта салуда. Қазіргі кезде ішкі әрлеу жұмыстары жанданған. Алдағы желтоқсан айында 90 отбасы қоныс тойын тойлайды деп күтілуде.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН  ҚАБЫЛДАДЫ
15:05, 20 мамыр 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
17:50, 15 мамыр 2019
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...