ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Республика бойынша өңіріміз сыбайлас жемқорлығы аз аймақ болып отыр

21:10, 30 қыркүйек 2016

Қазақстан бойынша, облысымыз сыбайлас жемқорлыққа аз бой алдырған өңір болып отыр. Бұл жайында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік төрағасының орынбасары Алик Ішпекбаев жеткізді. Бұл жиынға мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қыметкерлері және ведомство өкілдері қатысты. Отырысқа облыс әкімі Ерік Сұлтанов төрағалық етті.

Облыс әкімдігіндегі үлкен залдағы жиын бейне конференция режимінде өтті. Байланысқа барлық аудандар шықты. Басты тақырып – жемқорлыққа қарсы іс-әрекет болып отыр.

Баяндама оқыған Алик Ішпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілп жатқан стратегия жайында айтты. Бастысы мемлекеттік биліктің әр сатысында оны төмендету керек. Әрі халықты да көз қыстылық, бармақ бастылықтан арылтқан жөн. Бұл жаңа құрылған Агенттіктің алдындағы негізгі мақсат болып отыр. Сонымен қатар, отырыста қызметкерлердің параны ақшалай емес, сыйлықтай алатыны да сөз болды.

Жиында көпшілік назарына пара алып, түрмеге тоғытылғандардың  тағдыры, жемқорлыққа бой алдырғандарды жазалау жайында бейнекадрлар көрсетілді. Сондай-ақ, ең парақор өңірлердің тізімі жария етілді.

Сөз соңында Алик Ішпекбаев, агенттік жұмысының басты бағалаушысы халық екенін атап өтті.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН  ҚАБЫЛДАДЫ
15:05, 20 мамыр 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
17:50, 15 мамыр 2019
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...