ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

СҚО және ШҚО басшылары кездесті

21:05, 11 қазан 2016

Петропавлға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бастаған делегация келді. Аймақ басшыларының ресми кездесуінде өңіраралық ынтымақтастық жайлы сөз қозғалып, екі жақты әріптестік бағыттары талқыланды. Біздің облыс пен Шығыс Қазақстан арасында бірнеше сала бойынша тығыз байланыс орнаған. Мақсат- осы жолдан таймай, әріптестік көкжиегін кеңейту.

Шығыс Қазақстан облысынан келген делегация, алдымен  спорт сарайына ат басын бұрды. Қолданысқа өткен жылы берілген нысанның ішін аралап көрді. Мұнда жастар хоккей, жеңіл атлетика, велоспорт, бокс, еркін және грек-рим күресі тағы басқа спорт түрлерімен айналысады. Бұдан кейін қос облыстың өкілдері ауқымды жиында бас қосты. Кездесуді ашқан аймақ басшысы Ерік Сұлтанов «Шығыс Қазақстанмен жасалған келісім шарттардың барлығы жүзеге асып келеді»,-деді. Жалпы, аталмыш өңір қай сала болмасын біз үшін тиімді әріптес.

Ерік Хамзаұлы Даниал Ахметовке әріптестікті одан әрі нығайта түсу қажет,-деген ойын білдірді. Даниал Кенжетайұлы «өңір қуатты болса, мемлекет қуатты болады»,-дейді. Сәйкесінше, қос облыстың даму қарқыны елдің өркендеуіне тікелей әсер етпек. Сондықтан, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі нығайта түскен жөн.

Жиында СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотов сөз алды. Ол екі өңірдің ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм және тағы да басқа салалары бойынша тығыз байланыс орнағанын айтты. «Мұнаймаш», «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» сынды алдыңғы саптағы кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынуға дайын. ШҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мақсат Мүсәпірбековтің баяндамасынан мәлім болғандай екі облыс арасында 13 меморандумға қол қойылған. Оның 11-і өндіріс, қалған екеуі сауда-саттық саласына қатысты. Шығысқазақстандықтардың қызығушылығы теріскейде шығарылатын техникаларға ауса керек. Петропавл трактор зауытының директоры Сергей Шинкаренко тапсырыс болса, ұсынарымыз бар деді. Аталмыш зауыттың тракторлары шет елдік техникалардан еш кем емес, ал бағасы үш есе арзан.

Ал, ШҚО «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС-нің директоры Әсемхан Досқожанов машинажасау саласындағы екі жақты  әріптестіктің тиімділігін атап өтті. Серіктестік жылына 1000 автобус шығаруға қауқарлы.

Бұл кездесуде басты назар ауылшаруашылығы, машинажасау және өндіріс саласына аударылды. Біздің өңірде аталмыш салалар қарқынды дамып келеді. Екі жақты әріптестік нығайса, мүмкіндік  шеңбері де кеңейе түспек.

Жиын соңында аймақ басшысы Ерік Сұлтанов «Шығыс Қазақстан облысынан аларымыз да, үйренеріміз де бар»,-деген ой түйді.

Фариза ЖАЗИТОВА 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:37, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
21:02, 12 желтоқсан 2018
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
Толығырақ...
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
20:59, 12 желтоқсан 2018
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...