ШҰҒЫЛ! 2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ Толығырақ

ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

20:53, 18 ақпан 2019

Тимирязев ауданына жаңа әкім тағайындалды. Аудандық депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс берген кандидатты Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров аудан активіне таныстырды. Жаңа әкімге ауданның әлеуметтік-экономикасын одан әрі дамыту, инвестиция тарту және халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттері қойылды. Тимирязев ауданының жаңа басшысы кім және оның алдағы жоспары қандай, тілшіміз Самат Сапаралы сабақтайды.

Тимирязев аудандық мәслихатының кезектен тыс 32-ші сессиясына аудандық депутаттар жаңа әкімінің кандидатурасын қарау үшін жиналды. Халық қалаулыларына облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров ауданның жаңа басшысы лауазымына Нұрлан Кеңесовты ұсынып, депутаттар бір ауыздан мақұлдады.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бірге қызмет жасаңдар. Азамат өте білімді. Мен ойлаймын біраз инвестиция  да Тимирязов ауданына келеді. Ауданды дамытады, орталықта істеген, тәжірибесі мол, сондықтан бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Сондықтан бірге жұмыс жасаңыздар, сәттілік тілейміз.

Нұрлан Кеңесов 1983 жылы Қарағанды облысында туып, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін инженер мамандығы бойынша аяқтаған. Сонымен қатар, 2009 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Лондонда білімін арттырып, 2015 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын қарапайым сарапшыдан бастаған ол, осы тағайындауға дейін 2016 жылдан бастап ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарған.

НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Құрметті Айдарбек Сейпілұлы, құрметті депутаттар, аудан ұжымы, құрметті жерлестер, мен алдағы уақытта Елбасы саясатын аудан көлемінде дамыту үшін барлық күш-жігерімді саламын. Маған артылған міндетті сезініп, сенім білдірген облыс басшылығына алғысымды білдіремін.

Аудан активімен кездесу барысында аймақ басшысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Тимирязев ауданының бұрынғы әкімі, бүгінгі күні Есіл ауданының әкімі болып тағайындалған Ербол Сағдиевке алғысын білдіріп, жаңа қызметін де мінсіз атқаратындығына сенім білдірді. Сондай-ақ, ауданның жаңа басшысына бірқатар міндеттер жүктеді.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлу керек. Медициналық қызмет көрсету сапасына көптеген арыздар түседі. Ауылдық округтерді медициналық пункттермен жабдықтап, мамандар тапшылығын шешу керек. Ауданда бүгінде 4 дәрігер жетіспейді, Сіз Елордада жұмыс істедіңіз, маманды Астанадан шақыруыңызға болады. Жәрдемақысын, тұратын үйін беріңіз.

Ауданда қазір орташа айлық көрсеткіш 96 мың теңгені құрайды, облыс бойынша 110 мың, сондықтан да Айдарбек Сапаров жаңа басшыға жалақыны көтеру қажеттігін ескертті. Аудан әкімін жаңа жұмыс орнымен таныстырды.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:06, 14 қаңтар 2020
«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
17:55, 15 қаңтар 2020
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...