ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЫҢНАН АСТАМ МӘСЕЛЕСІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРДЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

20:35, 11 наурыз 2019

Өңір тұрғындарының 1326 сұрауы мен мәселесі әкімдердің есептік кездесуінде шешілді. Бүгін облыстық әкімдікте өткізілген отырыста барлық деңгейдегі басшылардың есептік кездесулерінің нәтижесі қорытындыланып, назарға алынған ұсыныстар мен сауалдардың шешу жолдары пысықталды. Сонымен қатар жиналғандар тілдерді дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы мен әскерге шақыру науқанының нәтижесін  ортаға салды. Толығырақ  тілші материалында. 

Қызылжар ауданының Трудовая Нива елдімекенінде ауыз сумен қамту мәселесі екі жыл қатарынан шешімін таппай келді. Әкімдердің  есептік кездесуінде тұрғындар бұл сұрақты ортаға шығарып, нәтижесінде сумен қамту жүйесін  жаңартуға аудан бюджетінен 7,5 млн теңге бөлінетін болды. Аққайын ауданының Смирнов селосының Еңбек және Народная көшелерін жөндеу туралы бірнеше мәрте айтылған еді. Биыл осы мақсатқа 21 млн теңге жұмсалмақ.  Жалпы барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулерінде тұрғындардың 1326 мәселесі сол жерде шешімін тауып, тағы 635 сауалы назарға алынды.

ҚАНАТ САРСЕМБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АППАРАТ ЖЕТЕКШІСІ:

- Тұрғындардан келіп түсткен сауалдардың басым бөлігі  жолдарды жөндеУ, ауыз сумен қамту, аббаттандыру  туралы. Айталық М.Жұмабаев ауданында 1,5 млрд теңгеге 53 шақырым жол жөнделетін болады. 10 мың тұрғыны бар Саумалкөлде 2 жылдың ішінде  47 көшеде  68 шақырым су құбыры жаңартылады. Бұл мақсатқа 1,3 млрд теңге жұмсалады.

Облыс әкімінің айтуынша, тұрғындардың барлық сұрақтары назарсыз қалмайды.  Әсіресе тұрғыны көп елдімекендердің мәселелері бірінші шешіледі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Айтылған мәселелерді бірден шеше алмаймыз. Үш жылға негізделген бюджетіміз бар. Осы құжатқа сай жұмыс істейміз. Айталық жолдардың жаңаруына қомақты қаражат қарастырылған.  Алдымен қажеттілігі жоғары участкелерге жұмсаймыз.

Күн тәртібіне шығарылған екінші сұрақ тілдерді дамыту мен қолдаудың  2011-2019 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы. Жыл сайын мемлекеттік қызметкерлер арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын «Каз тест» диагностикалық сынақ өткізіледі.  Алайда өткен жылы бұл тестке кейбір аудандар қатыспапты.  

КЕМЕЛ ОСПАНОВ, СҚО ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- 2016 жылы Ұлттық тестілеу орталығы өткізген  тестілеуге  2600 адам, 2017 жылы  5115 адам қатысса,  2018 жылы  небары 1981 адам сынақтан өтті. Айыртау, Жамбыл, М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов атындағы  аудандардың тұрғындары тестілеуге қатыспады.  

Өңір басшысы осы аудан басшыларын жекелей тұрғызып, мемлекеттік диагностикалық сынаққа қатыспаудың себебін сұрады.

Өңір жастарының әскер қатарына қосылып, Отан алдындағы борышын өтеу мәселесі де өзектілердің қатарында.

 

АЛМАЗ ТІЛЕУХАНОВ, СҚО ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бүгінге дейін 380 азамат іріктеліп алынды. Бұл  жоспарлаған көрсеткіштің 63 пайызын құрайды. Яғни біз қажетті мөлшерде жастарды жинап бере алмауымыз мүмкін.

Мәселені шешу үшін бірқатар шаралар қолдану қажет. Мәселен, облыстық медициналық комиссияның құрамына окулист дәрігерді қосу керек. Өйткені маманның жоқтығы  жастардың денсаулығын толық деңгейде тексеруге мүмкіндік бермейді. Сондай ақ, мамандардың айтуынша, 761 әскерге шақырылушы қазіргі таңдауда іздеуде жүр.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:01, 22 наурыз 2019
СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
АЙДАРБЕК САПАРОВ ҚР АШМ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
17:57, 18 наурыз 2019
АЙДАРБЕК САПАРОВ ҚР АШМ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...