ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

14:47, 28 қаңтар 2019

Былтыр Уәлиханов ауданынның ауылдары 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылды. Бұл туралы аудан әкімі Медет Оспанов тұрғындар алдындағы 2018 жылы атқарған жұмысы жайлы есептік кездесуінде мәлімдеді. Аудан басшысының сөзінше енді әрбір үйге су кіргізу мәселесі тұр. Жылды қорытындылаған кездесуге облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет пен біздің арна тілшілері қатысты.

Уәлиханов ауданы былтыр 200 мың гектарға жуық жерге дән сепсе, оның 47 мың гектары майлы дақылдар. 25 серіктестік пен 184 шаруа, фермерлік қожалық пен 11 ауыл шаруашылығы кооперативі 212 834 тонна астық жинаған. Сондай-ақ ауданда жерді тиімсіз пайдаланып, не болмаса керегіне жаратпай бос қалдырған шаруалармен жұмыс жүргізіліп, жерді мемлекетке не болмаса басқа серіктестікке беру шаралары жүйелі түрде өткізіліп келеді.

МЕДЕТ ОСПАНОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ақтүйесай ауылдық округінде 405 гектар жерлер сот шешімі бойынша қайтарылды. 8736 жер учаскелерінің келісімдері бұзылды. 1197 гектар жер 3 участкесінің мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік қорға қайтарылды. 4 шаруа қожалығына әкімшілік шаралар қолданылып отыр, оған 101 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қоса жер салығы 10 есеге көбейтілді.

Уәлиханов ауданы басқа да көрсеткіштер бойынша жылды оң нәтижемен аяқтаған. Айталық, тау-кен өндірісі екі есе артып, 70 млн. теңге пайда әкелген, 3281 шаршы метрлік 27 пәтер пайдалануға берілді. Және 2018 жылы облыста алғаш болып, ауылдарды 100 пайыз таза ауыз сумен қамту мәселесі шешілген. Оңтүстік өңірлерден 15 отбасы, Моңғолиядан 5 жанұя көшіп келген. Әкімнің сөзінше биыл көшіп келгендерді қабылдайтын жаңа бағдарлама енгізіліп отыр.

МЕДЕТ ОСПАНОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ол үшін қай шаруа қожалығына жұмысшы керек, Оңтүстік өңірлерден, Моңғолия, Өзбекстан болсын тауып әкеледі өзіне. Сол азаматтарға өз қаражаты есебінен 5-6 млн.ға дейін жобалар бар, ұй салып береді өзі. Сол үйді ауыл шаруашылығы бөлімі сатып алады коммуналдық меншікке, ал жұмысшы 5 жыл міндетті түрде жұмыс істеуі керек, істемесе мемлекет үйді қайтарып алады.

Баяндамадан соң тұрғындар аудан басшысына маман тапшылығын, дәрігерлер мен ұстаздардың жетіспеушілігін айтып шағымданды. Медет Оспанов бұл мәселенің басты назарда екенін және келетін маман болса үй де беретінін айтты. Ауылды жерлердегі ескі ғимараттар аукцион бойынша, немесе келісім бойынша сатылады, алайда жаңа үй иесі оны жөндеп, абаттандыруды ұмытып кетеді. Меншігіне алған соң пайдаға асыру керек, - дейді әкім.

МЕДЕТ ОСПАНОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Заңға сәйкес, 2018 жылдан бастап әрбір жер участкесі, үй тіркелуі керек. Егер де жері тіркелмеген болса ғимараттың астындағы, ол «захват земли» болып саналады. Соған қатысты шара бар. Адамға қауіп төндіретін, ауылдың көркін бұзып тұрған ғимараттарды қарап отырмаймыз, кімнің ғимараты болса да, қандай ғимарат болса да талап бәріне бірдей.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет облыстағы бірқатар көрсеткіштерге тоқталды. Оның кейбірі бойынша Уәлиханов ауданы жұмысты күшейту керек. Атап айтқанда былтыр облыс диқандары майлы дақылдар алқабын көбейтіп, 1 млн. гектарға жеткізсе, Уәлиханов ауданы небары 27 мың гектар ғана сепкен. Бұл бағытта жұмысты жетілдіру керек.

МАДИЯР ҚОЖАХМЕТ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Құмар Іргебайұлының тапсырмасымен біраз ауыл шаруашылығы минералды тыңайтқыштарды арттыру бойынша біраз жоғары деңгейге жеткізсе, Қазіргі уақыцтта ауданда 28 серіктестік іске асырып келе жатыр, қалғандары да қосылса деген тілек бар. Егер де облыстың ортақ көрсетикіші 5,7 пайыз болса, ауданда тек қана 3 пайыз екен. Оны облыс орталығының деңгейіне жеткізу қажет.

Мадияр Қожахмет аудан басшысына көкніс, мал шаруашылықтарын жетілдіріп, өнеркәсіп саласын дамытуды, инвестиция тартуды тапсырды. Яғни облыс бойынша 12 млрд. теңге инвестицияның небары 5,3 млрд.ы аталмыш ауданға тиесілі.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...