ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫСТЫ

21:23, 1 ақпан 2019

Облыстағы ротация жалғасуда. Жамбыл ауданының да әкімі ауысты. Бұл қызметке Есіл ауданының бұрынғы басшысы Мұрат Әбішев келді. Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов жаңадан тағайындалған аудан жетекшісіне қандай тапсырмалар жүктеді? Толығырақ келесі бейнематериалда.

Мұратбек Әбішев еңбек жолын агроном болып  бастаған, түрлі қызметте еңбек етіп, 2014 жылы Есіл ауданына әкім болып тағайындалды. Өз қызметін ойдағыдай атқарған басшы енді Жамбылдықтардың әл ауқатын жасартуға күш салмақ. Өңір жетекшісі Құмар Іргебайұлының айтуынша ауданның әлеуеті зор. Мысалы 2018 жылдың қорытындысы бойынша астық жинау көрсеткіші жағынан облыста екінші орында тұр.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жамбыл облыстағы ең жері құнарлы аудан. Тиісінше мұндағы егістік пен астық да мол болуы керек. Дегенмен сіздердегі кейбір қожалықтар тиімді жұмыс атқармай отыр. Мысалы «Золотой разлив» ЖШС, «Жамбыл» агрофермасы былтыр бар жоғы гектарынан 12 центнерден ғана өнім алды.

Өңір жетекшісі Мұратбек Әбішевке ауданда мал шаруашылығы мен шағын және орта бизнесті барынша дамытуды тапсырды. Сонымен қатар облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуы жайлы сөз қозғаған Құмар Іргебайұлы алдағы үш жылда аймақта 3 мың үй тұрғызылатынын тілге тиек етті. Оның 53 – і Жамбыл ауданында салынбақ. Мақсат ауыл шарушалығында жұмыс ітейтін мамандарды тартып, оларға жағдай жасау. Сонда ғана олар осында тұрақтайтын болады. Оған қоса жұмысшылардың жалақыларын өсіру қажет.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауылшаруашық өнімдерін өндірушілер үй салсын, біз бірнеше балалары бар отбасыларды көшіріп әкеліп, жұмысқа орналастырайық. Егер оларға жағды жағдай жасалғанын көрсек сіз тұрғызған үйлерді сатып аламыз және барлық шығындарды өтейміз.

Жамбыл ауданындағы Кладбинка елді мекенінде 10 жаңа баспана тұрғызуға, сондағы мектепті жөндеуге 60 млн теңге қаражат бөлінеді. Сондай - ақ аудан бойынша  жолдар да жөнделмек. Былтыр бұл бағытқа облыстық бюджеттен 118 млн теңге жұмсалса, биыл 1,3 млн теңге қарастырылып отыр. Жаңа басшыға осы жұмыстардың ойдағыдай атқарылуын қамтамасыз ету, сондай – ақ ұсынылған мүмкндіктерді тиімді пайдалану тапсырылды.

МҰРАТБЕК ӘБІШЕВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сіз жүктеген тапсырмаларды депуттардың қолдауымен жүзеге асырамыз. Біздің міндетіміз халықтың әл – ауқатын арттыру. Осы бағытта аянбай тер төгуге дайынбыз. Сіздің айтқандарыңыз өте орынды. Бірлесіп жұмыс істеп, келесі жылы сіздің алдыңызда есеп беремін деген үміттемін.

Аудандағы 35 елді мекенде орталықтандырылған су желісі жоқ. Дегенмен бұл мәселе бірте – бірте шешімін таппақ. Мысалы биылдың өзінде 5 ауылдың тұрғындары таза сумен қамтылады.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
22:25, 10 тамыз 2020
КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...