ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

ЖАҢА ТЕАТРДЫҢ ДИЗАЙН-ЖОБАСЫ КӨҢІЛДЕН ШЫҚПАДЫ

20:50, 24 сәуір 2019

Қазіргі күні қаламызда жаңа қазақ театры салынып жатқаны мәлім. Мамыр айының соңында нысанның қаңқасы тұрғызылып бітпек. Ал оған дейін мәдениет ошағының дизайнын анықтап алу қажет. Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақаловқа алматылық мердігерлер 3 бірдей жоба ұсынды. Бірақ оның бірде-бірін өңір жетекшісі мақұлдамады. Себебін келесі бейнематериалдан білесіздер.

Бұл - Петропавлдағы қазақ сазды-драма театрының алғашқы жобасы. Оны «ПС Акцент» компаниясының сәулетшілері мен дизайнерлері әзірлепті. Мамандардың жұмысын өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов бастаған комиссия мүшелері қарап шықты. Атқарылған іске бағалаушы тараптың көңілі толмады.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Адам мәдениет ошағына келгенде классикалық, ғасырлардан бері қалыптасқан стильді сезінуі керек. Тіпті, театрға кірген сәттен сондай ерекше күйге түсуі тиіс. Ал мына жобада барлығы заманауи. Ғимарат дәл қазіргі уақытта салынып жатқан жүздеген нысандардан айнымайды. Менің ойымша бұл дұрыс емес.

Қалған екі жоба да комиссия мүшелеріне ұнамады. Құмар Ақсақалов алматылықтарға байырғы классикалық стильден алыстамау керектігін айтты. Облыс әкімі театрдың ішін де, сыртын да көбінесе ақ, алтын түстермен безендіру қажет дейді. Ал өңір жетекшісінің орынбасары Руслан Әлішев дизайнға ұлттық нақыштарды енгізуді ұсынды.

РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Нысан біздің облысты баршаға танытуы тиіс. Бұл жерде шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің кездесулері өтеді. Театрлық іс-шаралардан бөлек, жастардың да қатысуымен басқосулар ұйымдастырылады. Тағы, басқа мемлекеттен қонақтар, әртістер келеді.

Солтүстік Қазақстан асауға алғаш ауыздық салынған жер. Сондықтан, аймақ басшысы нысанның безендірілуіне жылқыны да қосуға болатындығын айтты. Театрдың сырты да талапқа сай болуы тиіс. Мұндағы үлкен субұрқақ та, жасыл желек те алыстан көз тартуы міндетті. Осындай ұсыныстардан соң енді жаңадан дизайн-жобалар әзірленбек. Жалпы, қазір ғимараттың қаңқасы тұрғызылып жатыр. Істі елордалық «DBK-engineering» компаниясы мамыр айының соңына дейін аяқтайды. Айтпақшы, мәдениет ошағына қажетті заманауи қондырғыларға тапсырыс беріліп қойған.

Нағызхан Қиязов, «DBK-engineering» ЖШС директорының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы:

- Залды жабдықтауға қажетті механика, дыбыс, жарық қондырғыларына тапсырыс беріп қойдық. Құрылғылар 120 күннің шамасында дайындалады. Жабдықтар Канада және Еуропа елдерінде жасалмақ.

Айта кетейік, қаламыздағы жаңа мәдениет ошағын тамыздың соңы - қыркүйектің басында тапсыру жоспарланып отыр. Ал қазіргі қазақ сазды-драма театрына өнер колледжі көшірілуі мүмкін.

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...