ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ

14:26, 31 мамыр 2019

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек. Облысқа Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов бастаған республикалық арнайы жұмыс тобы келіп, өңір басшысының қатысуымен жиын өткізілді.

Отырысқа жергілікті атқарушы органдардың, тұрғын үй инспекциясы басқармаларының мамандары мен  пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері қатысты. ПетропавлдАҒЫ 1758 көпқабатты үйдің тек 35 пайызында ғана басқару формалары бар. Қалғандарында ие болмағандықтан күтім жоқ. 2011-2018 жылдар аралығында жүзеге асырылған «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау» бағдарламасы аясында облыста 168 көпқабатты үй күрделі жөндеуден өткен. Бұл мақсатқа  2,7 млрд теңге жұмсалған еді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Бағдарламаның арқасында тозығы жеткен  кондоминимум нысандарының саны 27 пайыздан 17 пайызға дейін төмендеді. Әкімдердің есептік кездесулерінің барлығында тұрғындар бұл бағдарламаны қайта қосуды сұрады. Үкімет қазір бұл өтініштерді қарап, келесі жылдан бастап іске қосу ұсынысын дайындап жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қазір қолданыстағы заңнама, тұрғын үй саласындағы барлық мәселелерді шешпейді. Заң нормаларына бірқатар өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап жатыр.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...