ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 37 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

14:17, 24 қаңтар 2019

СҚО жолдарының ұзындығы 9 мың шақырымды құраса оның 1,5 мың шақырымы республикалық маңызы бар жолдар. Осының барлығының 39 пайызының жағдай көңіл көншітпейді. 6 бірдей  көпір апаттық жағдайда. Жолдардың сапасы неге сын көтермейді? Оларды жөндейтін жеке кәсіпкерлерді жауапқа қалай тартамыз? Жалпы облыстағы түрлі маңызы бар жолдардың бүгінгі жағдайы қандай? Осы және жолаушыларды тасымалдауға қатысты мәселелерді  өңір басшысы Құмар Ақсақалов кеңейтілген отырыста көтерді.

Жолаушыларды  діттеген жеріне жеткізіп отыратын жолдарды жөндеуге жыл сайын қыруар қаражат бөлінеді және оның көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы былтыр 33  млрд теңге бөлінсе, биыл  37  млрд теңге барлық деңгейдегі бюджеттен қарастырылған. Сондықтан 2021 жылы өңіріміздегі автомобиль жолдарының 70 пайызы жақсы жағдайда болады деп сендірді облыстық  жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.  Бұл орайда өңір басшысы алдымен сапаға назар аудару керектігін,  жол жөндейтін жеке компаниялардың басшыларына ескі әдістерден арылу керектігін айтты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ:

- Біз жобалау сметалық құжаттарын қарап шықтық. Еқшандай жаңашылдық жоқ. Барлығы ескі әдістер. Бүгінде әлемде барлық сала бойынша жаңалықтар болып жатыр. Жаңа технологияларды қолданып жатыр. Сапалы әрі тиміді материалдарды қолдануға болады. Ал бізде барлығы бұрынғыдай, еш өзгеріс жоқ. Біз жұмыс тобын құрып, әлемегі жаңашылдықтарды зерттеп, соны  біздің өңірімзге әкелу керек... Кейібір кәсіпорындар жолдарды сапасыз жөндейді. Ондай мысалдар жетерлік. Антоновка, Лавровка, Астраханка-Қиялы бағытындағы жолдар мысалы. Бізде жолдарға қатысты екі зертхана ғана бар. Бірақ олардың жағдайы қандай, құралдары бар ма, жоқ па ешкім тексеріп жатқан жоқ. Осыны да тескеру қажет.

Ал Қазавтожолдың өңірдегі басшысы Болатбек Айтбаев республикалық маңызы бар жолдардың жағдайын айтты. Оның есебінше биыл Бидайық, Қызылжар шекарадан өткізу пунктерінің жолдары күрделі жөндеуден өтеді. Ал,былтырдан бері жөнделіп жатқана Қарақоға бекетіндегі жұмыстар биыл толығымен бітеді. Қазіргі таңда тендерді ұтып алған оңтүстік компаниясмен келісім шарт бұзылыпты. Олар өз міндеттерін толық орындамаған, және жұмысты мерзімінде аяқтамай отыр. Игерілмеген қаражатты қайтару үшін сот процесі де болады. Осы орайда облыс әкімі компанияларды таңдауда не нәрсеге назар аудару керектігін айтты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ:

- Біз өңіріміздегі 100 компанияны саралап, олардың кірістерінің ұлғайғанын, ал жалақы мен салықтың өспей отырғандығын көрдік. Техникалары жаңаланбайды. Біз сіздерге сеніп тапсырамыз, сіздер де өз міндеттеріңізді жақсылап атқарыңыздар. 2019 жылы жаңа заң қабылданды. Енді салық көп төлейтін компанияларға көп назар аударатын боламыз. 

Отырыста жолаушылар тасымалы мәселесі де көтерілді. Өңіріміздің 113 елді мекеніне автобус қатынамайды екен. Құмар Іргебайұлы Ол мәселені аудан әкімдеріне шешуді жүктеді. Соынмен қатар, Қызылжар,Уәлиханов, Ақжар аудандары басшыларына автобекеттердің жағдайын қарастыруды тапсырды. Себебі жолаушылардың көбісі бекеттердің жоқтығынан жауын-шашында, аязда, желдің өтінде автобус күтіп тұрады. Ал петропавлда 4м, 8, 11, 16 бағыттағы автобустарға тұрғындар тарапынан шағым көп. Қоғамдық көліктердің сырты мен салоны  жарқырап тұруы тиіс . Бірақ, жолаушыларды тасымалдау қауымдастығының төрағасы Галина Семенованың айтуынша, кәсіпкерлдердіңң өз қиындықтары бар екен.

ГАЛИНА СЕМЕНОВА, СҚО ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Автобус иелерінің алдында несие алу бойынша мәселе тұр. Олар автобустарды жаңарту үшін банктен қарыз алайын десе, алдында алған ақшалары немесе кепіл заттары болмай тұр. Сондықтан автобус паркін жаңартуға мүмкіндік жоқ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ:

- Біз өзімізде жолаушыларды тасымалдайтын мемлекеттік кәсіпорын құруға дайынбыз. Бірақ, ол кезде бизнесмендерге пайда болмайды. Барлығын мемлекет бақылап отыратын болады. 

Құмар Ақсақалов жол бойында тұрған түрлі қызмет көрсету нысандарының да жағдайы сын көтермейтіндігін айтты. Бұл мәселе осыдан 1 жыл бұрын дәл осы әкімдікте көтерілген болатын. Бірақ, содан өзгерген дүние шамалы. Текі бірен-саран дәмхана мен бекеттер өз жағдайларын жақсартыпты. Сондықтан аудан басшыларына бұл мәселені де шешу керектігі тағы бір мәрте ескертілді. Әсіресе, Аққайың,Ақжар, Есіл, Тимирязев, М.Жұмабаев аудандарында мұндай ғимарттар көп екен.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
22:25, 10 тамыз 2020
КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...