ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖОСПАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:39, 31 мамыр 2019

Былтыр облыста түрлі саланың дамуына бюджеттен бөлінген қаражаттың 40,5 млн теңгесі игерілмей қалды. Бұл жалпы соманың 0,1 пайызын құрайды. Өңір депутаттары өткен жылдың қорытындысы жайында есеп тыңдап,  жолдарды жөндеу бойынша биылғы жоспарды  талқылады.Арна тілшілері толығырақ баяндайды.   

Былтыр облыс бюджеті -159,5 млрд теңгені құрады. Оның 16,5 млрд өңірдің өз қаражаты.

НАТАЛЬЯ ДЫШКАНТ, СҚО ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өткен жылы облыс бюджеті 99,9 пайызға игерілді. Игерілмеген қаржының соммасы 40,5 млн теңгені құрайды. Білім беру мекемелері былтыр 10,2 млрд теңгені жұмсады. Денсаулық сақтау саласына  3,7 млрд теңге бөлінді.

Қаржы басқармасы мамандарының есебінше былтыр жолдарды жөндеуге бөлінген 15 млрд астам теңге 100 пайыз игерілді.  Облыс жолдары 9 мың шақырымды құрайды. Оның 1468 шақырымы республикалық маңызға ие. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде облыстық және аудандық жолдардың 61 пайызына  жақсы жәна қанағаттанарлық деген баға қоюға болады дейді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Владимир Балахонцев

ВЛАДИМИР БАЛАХОНЦЕВ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Солтүстік Қазақстан облысы өзге өңірлермен салыстырғанда жолдардың жағдайы бойынша 11 орында тұр. Бұның себебі, біздің өңір автомобиль жолдарының ұзындығы бойынша Шығыс қазақстан облысы мен Қостанай облыстарынан кейін 3-ші орында. Кері көрсеткішке 90-шы және 2мыңыншы жылдар аралығында жолдарды жөндеуге қаражаттың аз бөлінуі басты себеп.

Биыл жергілікті маңызы бар жолдарға республикалық және облыстық бюджеттен 19,2 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылға қарағанда 131 пайызға көп. Отырысқа қатысқан депутатар қарастырған тағы бір маңызды мәселе, өңір тұрғындарының өзге қалаларға  барып емделу жол ақысын бюджеттен төлеуге қатысты. қазір жеңілдіктер қарастырылған азаматтардың тізімі кеңейтіліп жатыр.

ДӘУРЕНБЕК БЕЙСЕМБАЕВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚСАҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен олардың қатарына қосалған азаматтарға, 1 және 2 топ мүгедектеріне, жетім балаларға көпбалалы аналарға республикалық емханаларға барып келудің жол ақысын тбюджеттен төлеуді ұсынамыз.

Биыл бұл мақсатқа 1 млн теңге бөлініпті.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...