ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

Қазақстан халқының бірлігі күні Петропавлда жылдағыдай кең көлемде тойланды

21:00, 1 мамыр 2015

Таңғы ондарда басталған мерекелік бағдарлама түрлі шаралармен кешке дейін жалғасты. Көтеріңкі көңіл күймен алаңға жиылған халықта шек болмады. Облыс жұртшылығын мерекемен аймақ басшысы Ерік Сұлтанов құттықтады.

Мерекені тойлауға Қазақстан Конституциясы көшесіне жұрт  еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін жиналды. Әсіресе, бүлдіршіндер үшін ерекше бағдарлама әзірленіпті.  Владимир Шаталовтің  ескертікшінің маңында  мерекеге келген бала мольбертте сурет салып,  түрлі ойындарға қатыса алды.  Сонымен қатар жергілікті  шеберлер тұзды қамырды, балшықты және матаны пайдаланып, қолдан бұйым жасауға үйретті.  Сондай-ақ, балалардың қатысуымен концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды. 

Бірлікті - береке, ынтымақты - ырыс санап келген  қала тұрғындарының   ыстық ықыласы бірлік күніне сән берді. Бірі сырнай тартса бірі мың бұрала билеп мәз мейрам болысты.Солтүстікқазақстандықтар республиканың жетістіктерін нақ осы достықпен, ынтымақтастықпен байланыстырып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстік Қазақстан облысы Астана күнін тойлады
20:00, 6 шілде 2016
Солтүстік Қазақстан облысы Астана күнін тойлады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...