ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҮЗЕЛЕДІ Толығырақ

26-шы сәуірде Елордада Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 24-ші сессиясы өтті

21:35, 27 сәуір 2016

Оған республиканың барлық өңірлерінен делегаттар қатысты. Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен үлкен жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазір халық арасында көп талқыға түсіп жүрген бірқатар өзгерістерді жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, сессия барысында Мәңгілік ел патриоттық актісі қабылданды. Осындай айтулы жаңалықтарға толы болған жиынға солтүстік қазақстан облысының делегаттары да қатысты.

Тұрақтылық пен  бейбітшілік орнаған Қазақстан Республикасына әлем мемлекеттері тамсана қарайды. Көп халықтың туған мекеніне, Отанына айналған қазақ жері кең. Оның тұрғындары да кең пейілді, өзгелерді жатсынбай бауырым деп біледі. Сондықтан да,  елімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір атаның балаларындай, Қазақстан атты шаңырақ астында тұрып келеді.   

400 ден астам делегат қатысқан жиында көптеген өзекті мәселелер де көтерілді. Оның ішінде  100 нақты қадам ұлт жоспарының орындалу барысы мен берер мүмкіндіктері айтылды. Мәселен -12 жылдық білім беру мен үш тілді оқыту. Елбасының пайымдауынша, шет елдік деңгейге жету үшін, жастарымызды ғылым-білімге құштар қылу керек екен. Олар тек ел көлемінде шектеліп қалмай, өзге халықтың да білімін меңгергені жөн. Сонымен қатар, 5 күндік сабақ оқу кестесі де көңілге қонымды. Балалардың балалық шағын ұрламай, демалысына да мән берген жөн деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы. Кей пәндерді біріктіру қажет екен. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті, сол сынды орыс тілі мен әдебиеті, тарих пен жағрафия пәндері. Ал соңғы кездері  қоғамда дау туғызған жер мәселесіне келгенде, ата-бабамыздан мирас болып қалған жеріміз шет елге сатылмайды деп кесіп айтты Ұл Көшбасшысы. Талай жыл маңдай тер төгіп, бірталай келіссөздердің арқасында  әреңдеп бектіліген шекараны жат қолға бермейміз деді Нұрсұлтан Назарбаев Бұл әрине халықтың көңілін бір серпілтті.

24 сессияда Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Айтарлықтай көп шаруа тындырылған. Әсіресе қайырымдылық шараларына келгенде, ассамблея мүшелері белсенділік танытуда. Діні мен түріне, тілі мен нәсіліне қарамастан, мұқтаж жандарға қол ұшын созуда. Осылайша олар 2015 жылы 400 мың қайырымдылық шарасын өткізген екен. Елбасы біз кедейлерге емес, байларға арналған мемлекет құруымыз керек деді. Сондай-ақ. Айтулы шара барысында Мәңгілік ел патриоттық актісі қабылданды. Оның өзектілігін көпшлікікке Мемлекет басшысы нақтылап түсіндірді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 24 сессиясы барысында сөз сөйлегендер көп болды. Оның ішінде өзге ұлт өкілдерінің айтқан алғыстары көп. Түрлі тағдырларды тоғыстырып, құшақ жайған қазақ еліне деген махабаттары шекісіз екендіктерін көруге болады. Тіпті, көпшілігі қазақ мәдениеті мен өнерін тереңдеп зерттеуге де көшкен екен. Келісім мен бейбітлішік сарайында өткен  дәстүрлі жайыннан солтүстікқазақстандық делегаттар да шабыт алды. Олар алдағы уақытқа жоспарларын құрып, Елбасы айтқан бағыттар бойынша жұмыстар атқармақ.

Аққайыңдар өлкесін екінші отаны деп білетін өзге ұлт өкілдері де , алқалы отырыстан көкейлеріне көпті түйіпті. Олар қазақстанның мақтанышы болған тәуелсіздік пен, халықтар достастығы Елбасының сындарлы саясаты деп біледі. Тарих толқынында тұрып, екіталай уақыт болған кезде, олар қазақ жерінен баспана таптық дейді. Ал бүгінде барлықтары  тең деңгейде мәдениеті мен өнерін, әдебиетін танып келеді. Ұрпақтарына мирас қылып қалдыруда. Сонымен қатар, қазақ тілін меңгеріп, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуде.

Тәуелсіздік. Кеілісім. Болашағы бір тұтас ел деген атаумен өткен жиында қабылданған акті де, жерлестеріміздің қолдауын тапты. Бірі қазақ, бірі орыс, не неміс демей ақ, қазақстан азаматтары болулары керек деген Қазақстан Республикасы Президентінің сөзі халықтар достастығына жалау болды.

Жыл сайын  әр өңір делегаттарының басын қосатын мұндай жиында ,  еліміздің татулығы үшін маңызды мәселелер көтеріледі. Елбасы шенеуніктер деген сөзден арылып, мемлекеттік қызметкерлер деп айтуға дағдыланыңдар дегенді де айтты. Биылғы жылы келген делегаттарға Жұлдыздар тоғысқанда фильмі ұсынылды. Туынды  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шығармалары желісімен түсірілген. Оның тұсау кесеріне Елбасы өзі қатысты.

 

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар