ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДІҢ 92 ЕЛДІ МЕКЕНІН СУ БАСУЫ МҮМКІН Толығырақ

Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатта келісім және бейбітшілік орталығы ашылды

18:00, 14 желтоқсан 2015

Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына аясында ашылған орталық, мұражай әрі сабақ өтетін кабинет ретінде болмақ. Онда балаларға мәдени-рухани, танымдық тәрбие берілмек.

Аталмыш мектеп-интернатта қазір сегіз ұлттың  143 оқушысы білім алуда.Сондықтан да ұжым өздерінің көпұлтты оқу ордаларында бейбітшілік және келісім орталығын ашуға бел буған. Шағын ғана бөлмеде, отанымызды мекен ететін әр халықтың дәстүрінен сыр шертетін заттарды көруге болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, әрі осы ұйымның  20 жылдық мерейтойына  ашылған орталықтың әр дүниесін оқушылар мен мұғалімдер өздері жасаған. Тіпті, киім-кешекті де өз қолдарымен тігіпті. Осылайша, балаларды еңбекке баулып әрі патриоттық рух беруге тырыстық дейді педагогтар. Ал бейбітшілік- және келісім орталығының ашылуына келген  облыстық  Ассамблея мүшелері жоғары бағаларын берді.

Мектеп-интернатта оқитын балалардың естуі шалағай болғанымен, жүректері кең.Олар бір-бірін жат санамайды. Бір атаның балаларындай күн кешуді көздейді.

 

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:57, 24 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...