ШҰҒЫЛ! ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ Толығырақ

Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай, Петропавлда «Этно-фешн» фестиваль байқауы өтті

17:55, 1 наурыз 2016

Онда өңірімізде тұрып жатқан әр халықтың өкілдері, өздерінің ұлттық киімдерін көрсетіп қана қоймай, тағамдары мен билерін паш етті.

Қазақстан атты үлкен шаңырақтың астында түрі мен түсіне, тілі мен дініне қарамастан тату тұрып жатқан ұлттар бүгін сахна төріне өздерінің ұлттық киімдерімен шықты. Олардың әрбірінің ерекшелеріктері бар. Мәселен, қазақтар, сәукеле мен шапанымен мақтанса, татарлар барқыт пен патшадан тігілген киімдерімен, поляк қыздары бастарындағы әсем гүлтізбектерімен көзге түсті. Фестиваль-байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат, жастарды бірлік пен татулыққа, өзгелердің дәстүрін сыйлауға баулу.

Жұрттың назарына немістер 3 бірдей ұлттық киімін көрсетті. Германияда тұратындар аймақтарына қарай, киімдер түрліше болады екен. Мәселен, бас киімдеріне қауырсын таққандар, аңшылар болса, қыздары юбкаларының белбеуін оң жаққа байласа әлі тұрмыста емес екендіктерін білдірген.

Жер аудару жылдары тарих қойнауына кетсе дағы, қазақ жерін тұралап қалған халықтар бірлікте күн көруде. Бүгінгі ұрпақ соны бағалап отыр. Этнофешн фестивалінде әсіресе, ұлттық киімдердің айырмашылықтарына емес, көбіне ұқсастықтарына баса назар аударылды.

Сонымен қатар, ел бірлігі мен достастығының айғағы ретінде қатысушалар топтасып байқау ұйымдастырды.

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...