ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАЗАСЫНДАҒЫ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМШЕСІН АРАЛАДЫ Толығырақ

Петропавлда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған қырғыз мәдениетінің фестивалі өтті

21:15, 20 шілде 2015

Сахна төрінде әннен шашу шашылып, қонақтар бауырлас халықтың қолөнерімен таныса алды. Облыстағы «Манас -Петропавл» мәдени орталығы жыл сайын фестиваль ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Мұнда қырғыз ұлтының қолөнері, дәстүрлері ғана көрсетіліп қоймай, ұлттық ән-жырлары сахнадан орындалады. Бұл жолы қырғыз әндерін Ұлттық Ұлан әскери институтының курсанттары да әзірлеп әкеліпті. Ал, «Қуанамын» би студиясының бишілері мың бұрала қырғыз билерін биледі.

Фестивальге келушілер қырғыз халқының киіз бен жүннен жасалған ұлттық бұйымдарының көрмесін тамашалады. Бақтыгүл Мырзағұлова өз  бұйымдарын  сонау Бішкектен дайындап әкеліпті. Ұлттық қолөнермен отбасы бірі қалмай айналысады.  Шеберлер мынадай бас киімнің бір күнде 10 шақтысын пішіп, тігеді.

Қырғыз халқының тыныс-тіршілігі мен дәстүрі қазақ халқына ұқсас. Мәдениеті, әндерімен және салт-дәстүрлерімен танысу арқылы петропавлдықтар қырғыз бауырлардың рухани дүниесіне бойлап, өзара  мәдениет мен достық көкжиектерін кеңейте алды.

 

Асем ҚАЛИЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
17:16, 31 наурыз 2020
ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
Толығырақ...