ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

Петропавлда «Салт-дәстүр» этно-мәдени фестивалі өтті

17:55, 28 шілде 2016

Солтүстік Қазақстан халқы ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» ұйымының мұрындық болуымен қаламыздағы Тәуелсіздік стелласы алаңында «Салт-дәстүр» этно-мәдени облыстық фестивалі өтті. Аталмыш іс-шараға облыс аудандарынан келген түрлі мәдени ошақ өкілдері белсене қатысты. Олар ұлттық тағамдармен қатар, қолөнер шеберлері көрме ұйымдастырып, ұлттық дәстүрлерді ел назарына ұсынды.

Бұл фестивальге жиналған  қауым елімізде тұрып жатқан 130 дан астам ұлттың мәдени-рухани әдет-ғұрпымен етене таныса алады.  Облысымыздың барлық дерлік     аудандарынан  келген  өкілдер  фестиваль аясында өткізіліп жатқан конкурста бақтарын сынады. Фестивальді  СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов ашты.

«Салт-дәстүр» фестивалінің конкурстық бағдарламасы бойынша  қатысушылар «Бесікке бөлеу», «Қыз ұзату», көктем мен бірлік мерекесі боп саналатын «Мэрцишор» сияқты ұлттық тәлім-тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарды көрсетіп, сахналық қойылым  жасады. Аталмыш іс-шара 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады дейді «қоғамдық келісім»  ұйымының директоры Әсемгүл Есқожа.

Сахна шымылдығын Аққайың ауданының «Шаңырақ» этно-мәдени ансамблі «Бесікке бөлеу» дәстүрі туралы арнайы әзірлеп әкелген сахналық қойылымымен ашты. Ал «Дуслык» татар-башқұрт орталығы»     татарлардың «губадя», «бәліш» сияқты  ұлттық тағамдарымен таныстырды.

Аудан өнерпаздарының өнерін арнайы қазылар алқасы бағалады.   Фестиваль соңында үздік деп танылған аудандарға бағалы сыйлықтар мен грамоталар  табыс етілді. 

 

Балжан БЕКМАҒАМБЕТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...