ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды

18:10, 17 тамыз 2016

Ел көлемінде «Ақ орамал» атты акция бастау алды. Оны Қазақстан халқы ассамблеясы мен оның жанындағы аналар кеңесі ұйымдастырып отыр. Біздің өңірде, шараның алғашқы күнінде перинаталдық орталықтағы жас аналарға сыйлықтар жасалды. Шараның мақсаты, Елбасының Вашингтонда өткен 4ші саммиттағы «Әлем,21 ғасыр» манифестін қолдау және ананың бала тәрбиесіндегі орнын айқындай түсу.

«Ақ» сөзі қазақ халқында қасиетті ұғымды білдіреді. Сондықтан да, нәресте өмірге шыр етіп келгеннен бастап, оның өмірі ақ жолға толы болсын деген ниетпен, акция перинаталдық орталықтан бастау алды. Әрі ақ орамалдың киелілігін қазақ халқы бұрыннан қастерлеген. Жаугершілік заманда, аналарымыз ақ жаулықтарын ортаға тастап, екі елді бітімге шақырған екен. Осы жолғы шара да сол іздің жалғасы деуге болады

Облыстық перинаталдық орталықта қазір 57 жас ана сәбиімен жатыр. Өткен тәулікте 11 нәресте дүние есігін ашқан екен. Оларға акция ұйымдастырушылары сыйлық жасап, ана атанған келіншектерге орамал тақты. Ольга Стагнеева  тұңғыш ұлын өмірге әкелген. Жаңа аналық өмірге енді үйреніп келе жатқан ол, ақ орамал акциясының тосын сыйына разы.

Ақ орамал акциясы 29-шы тамызға дейін жалғасатын болады. Оның аясында  жиындар, шерулер, отырыстар, қайрымдылық шаралары өткізілмек.

 Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Петропавлда «Салт-дәстүр» этно-мәдени фестивалі өтті
17:55, 28 шілде 2016
Петропавлда «Салт-дәстүр» этно-мәдени фестивалі өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...