ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

Рухани бейбітшілік пен келісім жолы

21:30, 18 тамыз 2016

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесті Біріккен Ұлттар Ұйымының екі негізгі органы – Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болды. Бүгінде Ұлткөшбасшысының манифестін солтүстікқазақстандықтар да қолдап отыр. Петропавлда осыған орай «Ақ орамал» акциясы жалғасын табуда.

Кеше ғана өңірде «Әлем. 21 ғасыр» атты Елбасының манифестін қолдау мақсатында «Ақ орамал» акциясы бастау алды. Петропавлда бұл шараны облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясы ұйымдастырып отыр. Бүгін қалада «рухани бейбітшілік пен келісім жолы» атты жиын өтті. Оған облыстағы діни конфессиялардың өкілдері мен қала тұрғындары қатысуға мүмкіндік алды.

Акцияның «Ақ орамал» деп аталуы да кездейсоқ емес. Қазақ халқында ақ деген түс – пәктік пен бейбітшілік символы болып табылады. Сондықтан да, игі-іс шараға осындай атау берілді. Облыстың ақ жаулықты аналары Елбасы жариялаған манифесті қолдап отыр. Олардың айтуынша, көптеген әлем елдерінде діни шиеленістер мен қақтығыстар орын алып жатыр. Салдарынан мыңдаған  жазықсыз адам қаза табуда. Мұны тоқтату үшін шаралар қолдану қажет. Аналар бейбітшілік манифесті айтарлықтай көмегін тигізе алатынына сенімді.

Айта кеткен жөн, аналар кеңесі «Ақ орамал» акциясын облыстың әр ауданында өткізуді жолспарлап отыр. Негізгі мақсаты қода бар бейбіт өмірді сақтап қалу және жастарға үндеу салу. Республикалық шара жылдың соңына дейін жалғаспақ.

 

Аманжол НҰРТАЗИН

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын   қорытындылады
18:00, 29 тамыз 2016
Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытын...
Толығырақ...
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...
Петропавлда «Салт-дәстүр» этно-мәдени фестивалі өтті
17:55, 28 шілде 2016
Петропавлда «Салт-дәстүр» этно-мәдени фестивалі өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар