ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

Солтүстікқазақстандық әйелдер «Ақ орамал» акциясын қорытындылады

18:00, 29 тамыз 2016

Бастарына ақ орамал тартқан бірнеше ондаған әйел Даңқ обелискіне гүл шоқтарын қойып, Петропавлдың бас көшесімен жүріп өтті. Осылайша солтүстікқазақстандық нәзік жандар республикалық «Ақ орамал» акциясын қорытындылап, Елбасы ұсынған «Әлем. XXI ғасыр» манифестін қолдады. Қазақстан аналары, оның ішінде біздің өңірдің тұрғындары соғыс, лаңкестік пен зорлық-зомбылыққа қарсы екендігін білдіріп, бейбіт шеру ұйымдастырды.

Республикалық «Ақ орамал» акциясының соңғы күндері  солтүстікқазақстандық    әйелдер қауымы  Даңқ  обелискіне  гүл шоқтарын қойып,  майданда  қаза  тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Ескерткішке   гүлдермен қоса,    ақ орамалдар да қойылды.  Өйткені  ол көне  заманнан     татуласудың  белгісі болып саналады. Бұдан соң   әйелдер  қауымы  Петропавлдың  бас  көшесімен жүріп өтті.  Акцияға  қатысушылардың  айтуынша,  біздің   әрқайсымыз  ұрпағымыздың болашағы үшін жауаптымыз.      

Ядролық қарусыз әлем бұл біздің болашақ ұрпаққа қалдырар ұлы мұрамыз. Сондықтан  Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифесті – құжат  сіз бен біз өмір сүріп жатқан ғасырдағы бейбіт өмірдің кепілі болмақ.    Бейбіт шеру  Достық  үйінде    театрландырылған  көрініс  және концертке ұласты. 

 

Анна КУЛИКОВА  

 

Тақырып бойынша материалдар

Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
18:10, 17 тамыз 2016
Республикалық «Ақ орамал» акциясы басталды
Толығырақ...
Петропавлда «Салт-дәстүр» этно-мәдени фестивалі өтті
17:55, 28 шілде 2016
Петропавлда «Салт-дәстүр» этно-мәдени фестивалі өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...