ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

1 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

17:19, 26 қараша 2020

2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент Сенаты мерекелік күндер күнтізбесіне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні мерекесін енгізу бойынша шешім қабылдады. Содан бері осы мерейлі датаны 8 жылдан бері тойлап келеміз.  30 жылға жуық Қазақстанды жарқын болашаққа жетелеген Нұрсұлтан Әбішұлының құрметіне ел мұражайларында арнайы залдар ашылды. Жерлестеріміз облыстық тарихи-өлкетану музейі әзірлеген онлайн-экскурсияны тамашалап, елбасының өмірімен жақынырақ таныса алады.

Нұрсұлтан Әбішұлы 1940 жылы 6 маусымда Алматы облысы Шамалған ауылында дүниеге келген. Ол мектептен кейін Днепродзержинск қаласындағы №8 училищесінде бітіріп, горновой мамандығын алды. «Казметаллургстрой» тресінде жұмыс істеді.Елбасының өмірі мен жұмысына арналған зал обылстық тарихи-өлктану музейінде 2012 жылы ашылды. Қазіргі таңда мұнда 200 ден астам түрлі жәдігер бар.

АЙСҰЛУ СӘРСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Бұл жердегі фотосуреттер мен бейнежазбалардан елбасының мектеп жылдары, Днепродзержинскідегі техникалық училищедегі оқуы, Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатындағы еңбек жолының басталуы, қоғамдық-саяси қызметі туралы - Теміртау қалалық комсомол комитетінің хатшысынан Қазақстан Республикасының Президентіне дейінгі өмірі жайлы егжей-тегжей білуге болады. экспозициядағы маңызды орындардың бірі Елбасы отбасына берілген.

Суреттер мен бейнежазбалар, құнды құжаттармен қоса Нұрсұлтан Назарбаев жазған түрлі кітаптар да баршылық. Зал алты бөлімнен тұрады. Мұнда Тұңғыш Президент, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі әр түрлі кезеңдерде көрсетілген. Барлық жәдігерлер  ұзақ уақыт бойы мұражай мамандарымен жиналды.

ӘЗИЗА АМАНҚҰЛ, ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ;

- Көшбасшы жолы циклы Президенттің балалық шағы, еңбек жолы.... іссапарларға арналды... ҚРда жүргізген....сондай цикл.

Музейде мемлекетіміздің Тәуелсіздік нышанына айналған жаңа елорданының, сұлу Астананың, ал енді қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының құрылысы туралы баяндайтын экспонаттар да аз емес. Сонымен қатар, залда Нұрсұлтан Назарбаевтың  біздің өңірге жұмыс сапарымен келу сәтін көрсеткен түрлі фотосуреттер мен түрлі маңызды құжаттар да баршылық. Онлайн-экскурсиялар қарашаның 23 мен 30 аралығында өтетінін айта кетелік. Тарихи циклмен танысам деушілер музейдің Instagram және Facebook-тегі интернет-ресурстарынан тамашалай алады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

СҮЙІКТІ ІСІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРҒАН ШЕБЕР
13:07, 18 қаңтар 2021
СҮЙІКТІ ІСІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРҒАН ШЕБЕР
Толығырақ...
С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ҚОРЫ  ЖАҢА 100 КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ
17:23, 14 қаңтар 2021
С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ҚОРЫ ЖАҢА 100 КІТАПП...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...