ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

13 ҚЫРКҮЙЕК – ОТБАСЫ КҮНІ

20:47, 11 қыркүйек 2020

Қазақстанда  Отбасы күні қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Биыл атаулы мейрам қыркүйек айының 13шіНЕ КЕЛІП отыр. Көпеевтер әулеті нағыз сыйластық пен даналықты дәріптейтін отбасылардың бірі. Олар мамандық таңдауда да бірегейлікті көрсетті. Құқық қорғау органдарында үш ұрпақ қызмет атқарып келеді.  Арнамыздың тілшілері полицейлер әулетімен тілдесіп қайтты.  Тілші материалында

Петропавл қаласының тұрғындары Сұраған  мен Меншік Көпеевтердің  отау құрып, бір шаңырақ астында бақытты ғұмыр кешіп жатқандарына 61 жыл толып отыр. Сұраған ата сексеннің сеңгіріне шықса да, қоғамдық жұмыстан қол үзбеген. Ол өзі бұрын еңбек еткен полиция департаментінде ардагерлер кеңесін басқарады.

СҰРАҒАН КӨПЕЕВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Аман-есен тұрып жатырмыз. Жасым 85-ке келсе де, үкіметке, халыққа еңбек етіп, полиция департаметінде әлі істеп жүрмін. Балаларым да өсіп жетіліп, оларда үй болды. Олардан немерем де міне ізімізден еріп, қызмет істеп жүр.»

МЕНШІК КӨПЕЕВА, СҰРАҒАН КӨПЕЕВТІҢ ЖҰБАЙЫ:

«Жай айтпайды ғой, өтірік айтпа, ұрлық қылма, кісі өлтірме, жамандық жасама деп. Оның барлығы да басыңа келеді. Сол себептен өтірік айтпай, ұрлық қылмай, адал дәміңді беріп, бірге сыйласып, балаларыңды тәрбиелесең, өзің қандай болсаң балаларың да сондай болады. Мен солай ойлаймын және Құдайға шүкір балапандарым бәрі өзімізге тартқан адал! Қызметтері де адал, жүрген жүрістері де адал.»

Сұраған атаның ұлы Дәуіт Көпеев 2009 жылдан зейнетте.   Әкесі мен ағасының  ізін басып, өмірін полиция қызметімен байланыстарғанына еш өкінбейді. Подполковник шенінде  құрметті демалысқа шыққан ол, қызының  да   мемлекеттік қызметті таңдағанын айтты.

ДӘУІТ КӨПЕЕВ,  ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

«Жұмыстың барысы, әскери киім және жалпы бұл қызмет мені бала кезімнен қызықтырды. Сондықтан, өз қалауыммен осы мамандықты таңдадым. Енді менің жолымды, атасының жолын қызым жалғастырып жатыр. Ол, заңгер мамандығына оқып шықты. Тергеуші болып бастады. Мен оны мәжбүрлемедім. Бұл қызымның өзіндік таңдауы болды. »

Сұраған ата мен Меншік апа 3 баланы дүниеге әкеліп, өсірді.  Тәрбие көріп ер жеткен балалары ата-анасының атына кір келтірмей үміттерін ақтады. Екі ұлы әке жолын қуды. Бүгінгі күні бейнетінің зейнетін көрген ерлі-зайыпты 6 немере мен 6 шөбере сүйіп отыр.  

Дана ҚАЛИЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

1 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ
17:19, 26 қараша 2020
1 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 25 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...