ШҰҒЫЛ! КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ Толығырақ

«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ӨТТІ

17:59, 14 ақпан 2020

Өңіріміздегі барлық білім беру мекемелерінде Ұлы Абайдың 175 жылдығын тойлау шаралары басталып кетті. Осы орайда Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінде «Абай оқулары» өтті. Сайысқа  15 студент қатысып, ұлы тұлғаның өлеңдерін, қара сөздерін жатқа айтып, шығармаларын оқыды.

Қоғамдық сананы жаңғыртуда Абайдың тұлғасы мен шығармаларының маңызы зор. Байқауды өткізудегі басты мақсат ұлы ойшылдың ұрпаққа мұра қылып қалдырған құндылықтарын дәріптеп, жастар арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

АҚНҰР БАЗАРБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

- Қазақстан мемлекетін білу үшін біз Абайдың шығармаларын қайта – қайта оқып, оның жазған шығармаларын оқушы қауымға жан-жақты жеткізіп, адамзат, махаббат туралы, бейбітшілік туралы жазған шығармаларын әлі күнге дейін оқып, қолданып келеміз. Бағасын жойған жоқ.

Байқауға 15 студент қатысып, Абайдың шығармаларын, өлеңдерін, қара сөздерін оқыды. Мысалы ақынның «Көзімнің қарасы» әнін қатысушылар нақышын келтіріп шырқады. Студенттердің айтуынша бұл ән адамға психологиялық тұрғыдан оң әсер етеді екен.

ДОСБОЛ АБЫЛҚАСОВ, СТУДЕНТ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Бұл өлең адмның жан дүниесін тыныштандырады. Күрсінгенде қуаныш сыйлап, ерекше сезімге бөлейді. Абайдың барлық шығармалары адамды білім алуға итермелейді. Сондықтан қазіргі жастар ұлы ақынның өсиетіне құлақ асқаны жөн.

Оқу орнында ұлтымыздың даналарына ерекше құрмет көрсетіледі. Мысалы колледжде осыдан бес жыл бұрын қазақ жазушысы, аудармашы, қоғам қайраткері Герольд Бельгердің құрметіне музей ашылды. Ардагерлер мен Байқауға қатысушылар музейді аралап,  Абайдың шығармаларын боямасыз аударып, халыққа жеткізген жерлес жазушының рухына тағзым етті.

АЛЕКСАНДР МЕРК, ПЕТРОПАВЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Неміс қозғалысы ардагерлері музейді аралау мақсатында өтініш жасады. Одан бөлек музейге студенттер, оқушылар келіп жерлес жазушының шығармаларымен, өмір баянымен жақынырақ танысып, жеке заттарын тамашалайды.

Байқау жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушылардың айтуларынша, бұл   Абайдың 175 жылдығын тойлауға арналған шаралардың бастамасы ғана.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
17:22, 17 қыркүйек 2020
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...