ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

«АБАЙ ЖӘНЕ XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН»

20:34, 9 қаңтар 2020

Бүгін  «Егемен Қазақстан» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан» мақаласы  жарық көрді. Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай  мемлекет басшысы ақынның еңбектері өз өзектілігін жоймағанын, жастар үлгі алатын рухани қазынаның құндылығы жыл сайын артып жатқандығын жазды.

Қазақ әдебиетінің негізін салушы Абайдың даналығын жас ұрпақтың тәрбиесінде қолдану қажет. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушыларының пікірінше, Абайдың шығармалары жастардың бойында адалдық, ізгілік, мейірім, еңбекқорлық қасиеттерін дамытады..

БОТАГӨЗ ТАҒҰДРЕТОВА, СҚУ ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Президен Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы бүгін қазақ халқының, оның ішінде  жастардың ой өрісін, рухани дамуына жол ашатын  бірден бір мақаласы. Абай ғалым, ойшыл ғана емес, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Абайдың кез-келген шығармасынан біз ізгілікті, мәдениеттілікті үйрене аламыз. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...