ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

АБАЙДЫҢ АЛЫП ПОРТРЕТІ ПАЙДА БОЛДЫ

20:38, 15 қазан 2020

Петропавлдың Абай мен М.Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан үйдің қабырғасында Абайдың бейнесі салынған панно пайда болды.  Бұл өңір басшылығының Ұлы тұлғаның 175 жылғына орай жасаған халыққа деген үлкен сыйы.  Муралдың ашылуына жиналған зиялы қауым өкілдері осындай баға берді. тілші бейнематериалында.

Халқымыздың Ұлы Абайға құрметі шексіз. Ақын, жазушы, философтың 175 жылдығына арнап Петропавлдың қөп қабатты үйлерінің  бірінің қасбетіне Абайдың бейнесі салынды. Авторы алматылық суретші, Петропавл қаласының тумасы Болат Әсербеков керамикалық панноны облыс әкімінің тапсырмасы бойынша әзірлеген.

БОЛАТ ӘСЕРБЕКОВ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ЖОБА АВТОРЫ:

- Жобаны қаңтар айында жүзеге асыра бастадық.  Бұл бірегей технология.  Абайдың портреті керамикалық мозайкадан жасалды. Қазақстанда әзірге, дәл осындай бір де бір пано жоқ.  830 градуста қыздырылып жасалынатын қыш тақташалар өте төзімді материал. Ыстықта, да, суықта да, жауынға да шыдап, бастапқы қалпында сақтала береді. 

5 қабатты үйдің қабырғасына панно құрастыру жұмыстары сәуірде басталды.  Қыш тақтайшаларды әзірлеу мен оларды рет ретімен, орындарына орналастыру сияқты күрделі жұмыс көп уақытты алды.  Нәтижесінде жоба өте сәтті шығып,  өңірдің зиялы қауым мүшелері автор мен облыс әкіміне  ризашылығын білдірді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Абайдың қара сөздерін, ойларын орындасақ, біз мемлекет ретінде дамимыз. .. осындай объектілер көп болу керек.

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ- ЖУРНАЛИСТ:

Панно қасындағы шағын саябақ та абаттандырылды. Осылайша қалада тағы бір шағын демалыс орны пайда болды.

Кейін өңір басшысы мен зиялы қауым өкілдері күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан тағы бір мәдени нысандағы жұмыстың барысын байқады. Н.Погодин атындағы орыс драма театры соңғы рет күрделі жөндеуді екі мыңыншы жылдардың басында көрген. Биыл өнер ошағы ғимаратының қасбеті, кіреберісі, көрермен залы мен екінші қабаты танымастай өзгереді. Тетрдың жаңа дизайнын Абай панносының авторы Болат Әсербеков әзірледі. мұнда да керамикалық элементтер кездеседі.

ДОСБОЛ ӘБДІРИСОВ, СҚО МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ М.А.:

- Киімжай өзгертіліп, орыс халқының дәстүрлі суреттері салынған керамикалық плиталармен безендірілді. Еденге тақташалар төседік.  Бірінші қабатта бетон, гипстікартон жұмыстары толық аяқталды. Қазір екінші қабат жөнделіп жатыр.

Жаңарған театрда жарық беру дизайны өзгеріп, жылыту радиаторларының орнын ауыстырудың арқасында холл аумағы кеңейді.  Жалпы күрделі жөндеуге 212 млн теңге, және ағымдағы жөндеуге тағы 31 млн теңге бөлінген. Жөндеу барысымен танысқан зиялы қауым өкілдері, мәдени ошақтың жаңа кейіпке енетініне  қуанышты.

ЗӘУРЕ КАРТОВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Құрылыстың өте тамаша жүргізіліп жатқанына көз жеткіздік.Жаңа эскизбен жасалынатын театр ғимараты болашақта  қаламыздың көркеюіне үлес қосатынына сенеміз.

Театрды  қараша айының соңына дейін тапсыру көзделген.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 23 қазан 2020
ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:41, 21 қазан 2020
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...