ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

А.ИГІБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

18:05, 21 ақпан 2020

Биыл Ұлағатты ұстаз, білікті басшы, Есіл ауданының құрметті азаматы Асқар Игібаев көзі тірі болса 90 жасқа келер еді. Бүгін оны туған туыстары, жақындары, жора-жолдастары, әріптестері еске алды. Асқар Игібайұлы 30 жылға жуық Есіл ауданындағы Николаевка орта мектебінің директоры болды.

Ғұмырын мұғалімдікке арнаған еңбек ардагері Ленин орденімен, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО ағарту ісінің үздігі» мен «Ерен еңбегі үшін» медаль-төс белгілермен марапатталған.  1958- 1992 жылдар аралығында ол үлкен мектепті басқарды. Асқар Игібаев 1986 жылы Николаевкада 464 орынға шақталған типтік мектептің салынуына өз үлесін қосты. Кейін, 2015 жылы осы орта мектепке оның есімі берілді. «Ол өз ісінің маманы еді. Бастаған ісін соңына дейін жеткізбей тынбайтын»,- деп еске алады оның әріптестері мен жолдастары.

 ЕСКЕНДІР НҰРЫМОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

«Ең қиын кезде ол кісі сол мектеп директоры болды. Бірақтағы ол кісінің іскерлігі, ақылдылығы, ұстаздық білімі сондай мектепті көтеріп,өзі істеген жылдары ішінде мектепті облыс бойынша бірінші орынға шығарды. Мектепте көптеген жаңалықтар кіргізді. »

 

Тақырып бойынша материалдар

СПЕКТАКЛЬДЕР ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ КӨРСЕТІЛМЕК
17:19, 27 наурыз 2020
СПЕКТАКЛЬДЕР ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ КӨРСЕТІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...