ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

АҚЫНДАР ТҰҢҒЫШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ АЙТЫСАДЫ

17:22, 6 тамыз 2020

«Қызылжар аламаны» жобасының ақтық сыны таяды. Жартылай финалда өңірімізге белгілі 4 ақын сөз сайысына түспек. Олардың өнерін аты республикаға танымал, елімізге әйгілі ақындар бағалайды. Айтыстың бұл кезеңінің бір ерекшелігі енді ол тікелей эфирде облыстық телеарнада өтіп, кез келген айтыс сүйер қауым өзіне ұнаған қатысушыға дауыс бере алады.

Мамырдың 21 күні облыстың басты арнасы «Қызылжардың» эфирінде тұңғыш телевизиялық жоба «Қызылжар аламаны» ақындар айтысы көрерменге жол тартты. Айтыс десе делебесі қозатын қазақ жұрты көгілдір экраннан 14 ақынның өнерін тамашалады. Кезең-кезеңге бөлінген сөз сайысы бүгінге дейін жалғасып, ең мықты деген төрт ақын жартылай финалға жолдама алып отыр.

ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, Е.АСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ АҚЫНДАР МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ, АЙТЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

Екі жұп айтысады. Қазір айтыстың форматын өзгерттік. Тікелей эфирде болады. Бұл біздің облысымыздың тарихында тұңғыш рет қолға алынып отырған жоба. Бұл жерде бізге ең бастысы көрерменнің дауысы. Олар үйде отырып-ақ ақындардың өнерін бағалап, өздерінің дауыстарын бере алады. Олар дауысты қалай береді?! Экранда көрсетілген нөмірге 1 немесе 2 санын жіберулері керек. Бұл біздің бірінші эфиріміз, ал екінші жұп та осындай форматта өтеді. Тамыздың 21 финал болады. Оған Жүрсін Ерман ағамыз өзі келіп қатысады.

Айта кеткен жөн мұндай ауқымды ақындар айтысы бұған дейін ешбір өңірде өтіп көрген емес. Қалың халық залда отырып ақындардың өнерін тамашаламаса да, көгілдір экранның арғы жағынан құлақ құрышын қандырып, мынадай қиын-қыстау кезеңде азда болса көңіл сергітуде. Осы орайда өңірімзге танымал жазуышылар, ақындар тың жобаға оң бағасын беруде. Солардың ішінде есімі елімізге кеңінен танымал Айбек Қалиев те бар. Ол  қазылар алқасының құрамында жартылай финалдың бірінші жұбының айтысын бағалайтын болады.

АЙБЕК ҚАЛИЕВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

Шынын айтар болсақ, көбінесе біздің осы солтүстік өңірді шамалы тіл жағынан, дәстүр жағынан кенжелеу қалды деп сынап жатады. Бірақ, нағыз қазақ өңірдері осы Қызылжар сияқты айналдырған екі-үш жылдың ішінде бірнеше рет республикалық айтыс өткізген жоқ. Енді мына қиын-қыстау кезеңде де Қызылжар өңірі ерлік жасап «Қызылжар аламаны» атты онлайн жоба өткізіп жатыр. Содан кейін айтармыз 16 жылдан кейін кейін міне айтыс өнері тұңғыш рет тікелей эфир арқылы өтіп жатыр екен. Сондықтан мына телеарна басшылығына алғыс айтқым келеді.

Жартылай финалдың бірінші жұбының айтысын 7-ші тамыз сағат 18:00 де «Қызылжар» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар. Көңіліңізден шыққан ақынға дауыс берем десеңіз +7 708 657-88-26 нөмірне смс хабарлама жолдауларыңызға болады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ
13:01, 25 қыркүйек 2020
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...