ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ ҰЛЫ С.СӘДУАҚАСОВҚА 120 ЖЫЛ

20:48, 29 мамыр 2020

Алаштың біртуар азаматы Смағұл Сәдуақасов ел есінде.  Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің 120 жылдығы. Соның құрметіне облыс орталығында ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн түрде өтті.  Смағұл Сәдуақасов қазақтың мәртебесін әрдайым биік ұстады. Алаш көсемі Әлихан Бөкейханнан сабақ алған. Сұрқия кеңес заманында ана тіл, ұлттық салт-санамызды сақтауға, төл мәдениет пен  тарихымызды наситхаттауға, елдігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың бірі.  

Смағұл Сәдуақасов бала кезінен алғырлығы, даналығымен көзге түскен.15 жасынан ағарту саласына араласып, мұғалім болды.  М.Жұмабаевпен бірге «Омбыда «Балапан» журналын шығаруға атсалысып, көсемсөз иесі атанған. Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса денсаулық сақтау, мәдениет, тарих, әдебиет сынды маңызды салаларға молынан үлес қосқан.

ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ПРОФЕССОРЫ:

- ХІХ-ғасырдың ширегінде Смағұл Сәдуақасов қазақ жастарының көсемі болған. Мұны қазақ тарихшылары, заңгерлері дәлелдеп шықты.  М.Жұмабаевтан жеті, сегіз жас кіші болған. М.Әуезовтен анағұрлым кіші болса да, солармен әріптес болып, үлкен қызмет атқарған адам. Смағұл 21 жасында Қазақ орталық атқару комитетінің саяси хатшысы болып сайланады.  1925 жылы Қазақстанның оқу-ағарту министрі міндетіне кіріседі.  Ол кезде ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау ісі оқу-ағарту министріне қарайтын.

Көрнекті тарихшы З.Тайшыбайдың айтуынша, С.Сәдуақасовтың саяси, ғылыми көзқарасы ұлттық құндылықтарға негізделген. Мұғалімдер институтын ашқан. Өнер саласында сүбелі еңбектері бар. Қазақ театрын қалыптастыруға үлес қосты

ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ПРОФЕССОРЫ:

- Өмірі қазақты, қазақтың тұрмысын көрмеген Голощекин деген біреу Қазақстанды басқаруға келіп, кіші революция жасап төңкеруім керек деп баяндама жасап тұрған кезде, 25 жастағы С.Сәдуақасов деген оқу-ағарту министрі қорықпай, Голощекин мырза сіздің ойыңыз дұрыс емес деп бетіне айтқан. Содан кейін көп ұзамай Голощекин Смағұлды орнынан тайдырды.

Смағұл Сәдуақасов сол министрліктен кеткеннен кейін Мәскеудегі темір жол институтына оқуға түсіп, оны ойдағыдай тәмамдап,  Мәскеу-Донбасс темір жолын салуға қатысып, 1933 жылы кенеттен қайтыс болды. 

ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ПРОФЕССОРЫ:

- Ол кезде Мәскеу көз жұмған адамдардың мәйітін өртеп, күлін құмыраға салып қоятын. Сол күлді Қазақстанның белді азаматы, заң ғылымының кандидаты Сабыр Қасымұлыалып келді. Оның Қасында жерлесіміз, журналист Жақсыбай Самрат болды. Осы кісілер бүгін конференцияға қатысты.  Бұл жиынған Ш.Уәлиханов ауданының экс-әкімі Ерік Нұрақаев атсалысты. Ол кісі Кішкенекөлде С.Сәдуақасовқа ескерткіш қоюға үлес қосқан.

С.Сәдуақасов 33 жасқа дейін өмір сүрді.Туып-өскен жері Уәлиханов ауданына қарасы Кішкенекөлде ескерткіші орнатылған. Онлайн -конференцияға әр қаладан ғалымдар және мектеп оқушылары қосылды.  Мәжілісте көрнекті тұлғаның мұрасын зерттеу, оны университет, мектеп бағдарламаларына енгізу туралы айтылды. Ғалымдардың суретшілер, музыканттар мен әртістер тау тұлғаның ғажайып бейнесін ашуға үлес қосса деген тілегі бар. Мұның бәрі конференция соңында қабылданған қарарда жазылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ
13:01, 25 қыркүйек 2020
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...