ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

«А.Л.Ж.И.Р.»

17:51, 4 маусым 2019

Н.Погодин атындағы орыс драма театрында Грузияның мемлекеттік академиялық театры «А.Л.Ж.И.Р.» спектаклін қойды. Бұл туынды бұған дейін Қазақстанның 5 аймағында көрсетіліпті. Петропавлдық көрермен де тарихтан сыр шертер қойылымды тебіреніспен қабылдады. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

«Алжир» - отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері. Оқиға шынайы өмірден алынып, спектакль деректі драма жанрында қойылды. Туындының режиссеры- Котэ Марджанишвили атындағы Грузияның Жоғары театр сыйлығының лауреаты - Автандил Варсимашвили. Театр труппасыАлжир музейінде болып, репрессия жылдарының зобалаңын көзбен көрген соң, қойылым дүниеге келіпті.

БЕЙБІТ БАҚТЫГЕРЕЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Өткенді білмей, болашақты болжау қиын. Біз үшін бұл жоба - маңызды. Бүгінгі күні жас ұрпақ тарихты ұмытпауы тиіс деп ойлаймын. Бұл қорқынышты оқиға ешқашан қайталанбайды деген сенімдемін. Және қойылымдық топтың басты мақсаты- сол кездегі әділетсіздікті көрерменге сахна арқылы жеткізу.

Қойылымда тоталитарлық жүйенің құрбаны болған қарапайым әйелдің аянышты тағдыры, қамауға алынғаннан босап шыққанға дейінгі өмірі суреттеледі. Театрдың 7 әртісі сол жылдардағы қасіретті шынайы жеткізе білді.

НИКОЛАЙ СВЕНТИЦКИЙ, А.ГРИБОЕДОВ АТЫНДАҒЫ ТБИЛИСИ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ГРУЗИЯ МЕМЛЕКЕТІ:

- Әйелдер қанша азап көргенімен, олардың рухы сынбады. Біз бұл спектакльде аналарымыздың қайсарлығын, қайратын көрсетуге тырыстық. Қойылым көрермендердің көңілінен шықты деген ойдамын.

Бұл спектакльмен театр ұжымы Қазақстанның 5 аймағын аралады. Актерлердің айтуынша, қай қалада болмасын шығарма көрерменді бейжай қалдырған жоқ. Петропавлдықтар да спектакльді тебіреніспен қабылдады.

ЛЮДМИЛА АРТЁМОВА-МГЕБРИШВИЛИ, А.ГРИБОЕДОВ АТЫНДАҒЫ ТБИЛИСИ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ, ГРУЗИЯ МЕМЛЕКЕТІ:

- Біз қай жерде ойнасақ та, бұл туынды көрерменнің жүрегіне жетті. Өйткені сол жылдары біреулердің атасы ату жазасына кесілді. Тағы бірінің әжелерін, аталарын темір торға қамады.Басты мақсат- табыс емес, ең бастысы көрермен түсініп, қандай да бір қорытынды жасайды деген үміттемін. Әсіресе жас ұрпақ.

Лагерьде 8 мың әйел мерзімін өтеді. Соның ішінде 300-ден астамы Грузия елінің азаматшасы. Оның арасында Борис Пильняк, Евгений Микеладзе сынды атақты тұлғалардың жұбайлары да бар. Сондай-ақ, кинорежиссер Лев Кулиджановтың анасы болған екен.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...