ШҰҒЫЛ! ҚР САЙЛАУ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР Толығырақ

АСЫЛ ҚАЗЫНА

21:16, 10 қазан 2018

«Асыл қазына» қайырымдылық іс шарасы аясында петропавлдық ардагерлер Абылай ханның резиденциясына саяхат жасады. Бұл «Жалпыхалықтық Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» бағыты бойынша жүзеге асырылып отыр. Осы жолғы экскурсияның ерекшелігі ол - алты алаштың ханы атанған Абылай туралы  қалалық  жас экскурсовод байқауының жеңімпазы баяндады.

Мирас Құрманғалиев Петропавлда өткен жас экскурсоводтар байқауының жүлдегері. Петропавлдағы нөмірі 2-ші мектепте оқитын бозбала тарихқа бойлап, өткенді зерттегенді жақсы көреді. Сондықтан да ардагерлерге ұйымдастырылған саяхатта экскурсияны жүргізуге қуана келіскен.

МИРАС ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, «ЖАС ЭКСКУРСОВОД» БАЙҚАУЫНЫҢ 3-ОРЫН ЖҮЛДЕГЕРІ:

- Бүгін мен Абылайханның тақ залында экскурсия жүргізетін боламын. Қиын болды, бәсекелестік болды. Мен  қазақ халқының наурыз көжесі туралы айтқан болатынмын. Оны қорғаған болатынмын. Солай 3-орын алдым. Мен экскурсияны жүргізгенніме өте қуаныштымын.

Қарияларымыз резинденцияның 4-залын түгелдей аралап шықты.  Үш жүздің басын қосқан қазақтың ұлы ханы Абылайдың ақ үйінде керек-деректің бәрі бар. Қазақтың сол замандағы тұрмыстық-заттарының түр-түрі қойылған. Ханның өр жүзігі мен алқасы да бар. Көшірме болсада көруге тұрарлық. Сан-қырлы мағлұматтармен жүйеленген мұражайдың ашылғанына биыл 10-жылға жуықтады. Баламасы жоқ кешенде, ірі тұлғаның тарих беттерінде өшпес із қалдырған ерліктері жайлы келген қонақтарға баяндалды.

Ардагерлерге сонымен қатар, Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінен «Кел балалар оқылық «жылжымалы көрмесі ұсынылды.

АНАРГҮЛ ЖҮСІПОВА, Ы. АЛТЫНСАРИН МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЭКСКУРСОВОДЫ:

- 1864-жылы ең алғаш кірпіші қаланған мектеп туралы.Ыбырайдың досына жазған хаты. Ыбырай Алтынсариннің жеке заттары. Өлеңдері очерктері, қолжазбалары ұсынылады.

Қазақ халқының тарихында Алтын әріптермен жазылып, аңыз адамға айналған Абылай хан туралы қарияларымыз көптеген қызық мағлұмат алды. 

Асхат ҒАЛИАСҚАРОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
21:44, 15 қазан 2018
СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
Толығырақ...