ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕРДІҢ КӨМЕГІ Толығырақ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОЙЫЛЫМ

21:04, 29 желтоқсан 2018

Жаңа жыл қарсаңында балақайларға өзгеше форматтағы қойылым ұсынылды. «Холодное сердце» ертегісі негізінде сахналанған спектакльді бала тұрмақ үлкендердің өздері қызыға тамашалады. Көппен бірге ерекше қойылымды Архангелка селосындағы уақытша бейімдеу орталығының 28 тәрбиеленушісі көрді. Оларға билетті демеушілер сатып әперген.

«Холодное сердце» ертегісі кішкентай көрермендерге 2013 жылдан бері таныс. Тартымды туындыны кейбіреуі бірнеше рет көрген. Қойылымында жақсылық пен зұлымдық туралы оқиғалар көрініс табады. Спектакльді жерлестеріміз дайындапты.

 МАКСИМ ТОНКОВ, «ХОЛОДНОЕ СЕРДЦЕ» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ҚОЮШЫ РЕЖИССЁРІ:

- Спектакльдің премьерасы желтоқсанның 23-і өтті. Балақайлар мен олардың ата-аналарының көңілінен шықты. Бұл қойылым «Дисней» компаниясының «Холодное сердце» мултьфилімі негізінде құрылған. Бірақ мен сюжет желісіне аздап өзгеріс енгіздім. Арасында қойылымға балаларды қатыстырып отырамыз. Мысалы,  кішкентайлар мұз болыпқатып қалған ханшайымды құтқаруға атсалысады.

ТИМУР ГАРИПЖАНОВ:

- Мен актерлердің өнерін тамашалауға келдім. Өйткені «Холодное сердце» қойылымын сахнада көру мен үшін қызық. Мен бұл мултьфилімді бес рет көргенмін. Мен барша жерлестерімді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. балалар жақсы оқып, ата-аналарын босқа алаңдатпаса екен деген тілегім бар. барлығының ісіне сәттілік берсін.

Ертегінің бас кейіпкерлері сияқты өмірде де халқына пайдасын тиігізіп жүрген нәзік жандар баршылық

АЛЁНА ПИСАРЕНКО, «ГЕРА» АВТОРЛЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бұл шара облыстық іскер әйелдер қауымдастығының және облыстық филармония қолдауымен өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, демеушілер де атсалысуда. Осы қойылымға Архангелка селосындағы балаларды уақытша  бейімдеу орталығынан 28 баланы шақырттық. 1 мен 16 жас аралығындағы балалар қойылымды тегін тамашалайды. Бұдан басқа оларға мерекелік дастархан жайдық және тәтті сыйлықтар дайындап қойдық.

Алена Писаренко жүрген жерінде баласын өзімен бірге ертіп жүреді. Осылайша, кішкентай ұлы Богданның бойында жақсылық, ізгілік қасиеттерін дамытып жүр.

БОГДАН ПИСАРЕНКО:

- Мен қайырымдылық акцияларын ұнатамын. Екінші жыл қатарынан анаммен бірге балалар үйіне барамын. Мамырдың 9-ы соғыс ардагерлерінің үйіне барып, батыр аталарыма гүл сыйламын. Мен үшін бұл сәттер бағалы.

Сондай-ақ, қайырымдылық шарасына аниматорлар мен кәсіпкерле де атсалысуда.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНА ТҮСІРГЕН ЕЛБАСЫ
14:56, 20 маусым 2019
ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНА ТҮСІРГЕН ЕЛБАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар