ШҰҒЫЛ! КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ Толығырақ

БІРТУАР ТҰЛҒА БЕЙІМБЕТ

20:41, 8 қараша 2019

Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада ақынның шығармашылығына арналған іс-шара өтті. Қазақтың көрнекті жазушысы кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырды.  Жиынға қатысқан қауым оның поэзия, проза, драма жанрындағы туындыларын талқылады.

Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.  1894 жылы Қостанай облысының Таран ауданында дүниеге келді.  Биыл туған жеріне Бейімбет Майлиннің есімі берілді.   

Көрнекті жазушының 125 жылдығына арналған шараға мектеп оқушылары, студенттер мен оқырмандар қауымы жиналды. Белгілі драматургтың туысқандары шығармашылық кештің құрметті қонағы ретінде шақырылды.   

ДӘМЕТЖАН СЕЙІТЖАНОВА,   Б. МАЙЛИННІҢ ЖИЕНІ:

Аида Романқызы –М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің 1 курс студенті. «Серпін» бағдарламасы бойынша өңірге оқуға келген бойжеткен, бала кезден  Бейімбет Майлиннің шығармашылығын сүйіп оқиды.  

АИДА РОМАНҚЫЗЫ, СТУДЕНТ:

- Б.Майлин - психолог и певец родной земли. Его произведения отличаются народностью, образностью и простотой языка. Эти качества сделали их любимыми в народе. Он всегда был полон замыслов и никогда не умел уставать. Четверть века честно и щедро служил Б.Майлин народу, воспевая его борьбу и подвиг в революции и в годы мирного созидательного труда.

1938 жылы Бейімбет Майлин жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.  Жазушы, драматург әрі ақын 250-ге жуық өлең, 100-ден астам прозалық шығарма және 20 драмалық туындыны артынан мұра етіп қалдырды. Бейімбет Майлиннің есімімен елді мекендер,оқу орындары, көшелер аталып, ескерткіштер қойылған. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
17:22, 17 қыркүйек 2020
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...