ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

«БОТАЙ - ҰЛЫ ДАЛА МӘДЕНИЕТІ» КӨРМЕСІ

13:05, 9 қазан 2019

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ботай- Ұлы дала мәдениеті» көрмесі әлі де жалғасып жатыр. Естеріңізде болса, осыдан екі апта бұрын халықаралық суретшілер симпозиумы аяқталған болатын. Оның аясында бірнеше елден 20 қыл қалам шебері келіп, ботай ескерткішін негізге ала отырып, 100-ден астам шығарманы өмірге әкелді. Келешекте суретшілердің 45 жұмысы облыстық бейнелеу өнері музейінің қорына тапсырылмақ. Тақырыпты Нұрбол Балғабеков сабақтайды.

«Ботай-Ұлы дала мәдениеті» халықаралық суретшілер симпозиумына Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның қыл қалам шеберлері қатысты. Олар солтүстіктің көркем табиғатынан шабыт алып, алған әсерлерін сурет арқылы жеткізді. Жалпы, суретшілер еркін және жылқы малына қатысты тақырыптарда сурет салды. Нәтижесінде 100-ден астам туынды өмірге келді. Алдағы уақытта онымен Қазақстан аймақтарының тұрғындары таныса алады.
 

ГҮЛНҰР  ЗЕЙНЕЛҚАБИДЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Көрме екі апта бойы жұмыс істеп тұр. Осы аралықта шамамен 500-ден астам адам музейге келіп, суреттерді  тамашалады.
 

МЕРУЕРТ ЖАЛТҰРОВА, М. ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДІҢ СТУДЕНТІ:

«Ботай- Ұлы дала мәдениеті» көрмесі қазанның 14-іне дейін жалғасады. Алдағы уақытта суретшілердің 45 жұмысы облыстық бейнелеу өнері музейінің қорына тапсырылады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:02, 22 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар