ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНА ТҮСІРГЕН ЕЛБАСЫ

14:56, 20 маусым 2019

ҚР-ның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізді 30 жыл басқарды. Соған орай облыс орталығында «Дамудың даңғыл жолына түсірген елбасы» атты фотокөрме өтті. Фотошежіре Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет болып қалыптасу жылдарынан сыр шертеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 1989 жылдан бері үздіксіз басқарып келді. 30 жыл халық тұңғыш президенттің саясатына қолдау білдірді. Осы мерзім аралығында түрлі саланың тамырына қан жүгіріп, еліміз қарыштап дамыды. Осыған қарап сырт мемлекеттер бізбен санаса бастады.

СӘУЛЕ БІЛӘЛОВА, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, ЗЕЙНЕТКЕР:

Тұңғыш президентіміздің елге сіңірген еңбегі орасан зор. Елімізді түрлі сынақтардан сүріндірмей шығарып, бүгінгі күнге жеткізген.

Н.Назарбаев Қазақстанды 30 жыл басқарды. Осы мерзім аралығында көптеген жаңа өндіріс ошағы ашылып, мыңдаған әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Оның салтанатына тұңғыш Президент өзі қатысып жүрді. Елбасы жұмыс сапарымен біздің өңірге де талай келді. Оған мына фотоматериалдар дәлел. Бұл суреттер бүгінде Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде сақтаулы.

АЙГҮЛ КИКБАЕВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

2005 жылы Н.Назарбаев Петропавлда Айгөлек балабақшасының ашылу саланатына қатысты. 2006 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері А. Винокуровпен кездесті. 2008 жылы Абылай хан резиденциясы музей-кешеніне келді.  Және де мына фотодан «Зенченко и К» КС де болған сәтін көруге болады.

Жерлестеріміздің айтуынша, тұңғыш Президент көпұлтты елімізді ұлтаралық іріткіден аман сақтап,  тыныштық пен келісімді орната білді.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...