ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ

17:56, 28 маусым 2019

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында жазушы Юрий Домбровскийдің 110-жылдығына арналған «А бурю я любую простою» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Шараның басты мақсаты өңір тұрғындарын  қаламгердің шығармашылығымен таныстыру, бейнелеу өнерін насихаттау.

Юрий Осипович Домбровский 20 жылдай Алматыда тұрып, археолог, өнер танушы, журналист болып жұмыс істеді, педагогикалық және аудармашылық жұмыспен айналысты. Белгілі тұлға көптеген атақты суретшілердің өнер туындыларына сипаттама жазып, халыққа таныстырып, насихаттаған.

ОЛЬГА СКАЛЬЧУК, МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ:

Бүгінгі шарада Қазақстан, Ресей және басқа да мемлекеттердің белгілі суретшілерінің туындыларына жасалған 11 сипаттама қойылған. Юрий Осипович суретшінің ішкі жан дүниесін, оның түр әлпетін суреттеп оның шығарашылығына ерекше баға беруге тырысқан. Осылайша қарапайым халық мәдениетке жақынырақ болған.

Белгілі жазушының басты шығармалары «Хранитель древностей», «Факультет ненужных вещей» романдары, «Гонцы» - эссе жинағы көптеген ресейлік оқырмандар үшін Қазақстанның бай мәдениетін, ежелгі тарихын, ғажап табиғатын ашатын кітаптарға айналды.

АЛЕКСЕЙ КОРОПЧЕНКО, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Юрий Домбровскийдің Қазақстанмен байланысы өте тығыз. Ол көп уақыт бойы Алматы қаласында тұрып, сол  жақта еңбек еткен. Осыдан бірнеше күн бұрын біз Алматыда да Юрий Осиповичтің құрметіне мәдени шара өткізгенбіз. Басты мақсатымыз белгілі жазушының шығармашылығымен халықты таныстыру.

Юрий Домбровскийдің аудармаларының арқасында қазақ әдебиетінің Сәбит Мұқанов, Ілияс Есенберлин, Бердібек Соқпақбаев, Бейімбет Майлин секілді белгілі ақын-жазушылардың тамаша шығармалары көптеген кеңес оқырмандарына белгілі болды.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...