ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ЕЛ ҚАРИЯСЫ – ЕЛ ҚАЗЫНАСЫ

13:06, 29 қыркүйек 2020

Петропавл қаласындағы  Сеховтар  - теміржолшылар әулеті. Бұл отбасы мүшелерінің осы  саладағы  жалпы   еңбек өтілі 190 жыл шамасында.  Ерлі-зайыптылар Бронислав Петрович пен Вилиора Александровна Петропавл  темір жол бөлімшесінде кездесіп, табысқан. 2 бала мен 4 немеренің қызығын көріп отырған жандар әріптестері мен жас буын өкілдерінің құрметіне ие. Еңбек ардагерлерімен әріптесім Майгүл Сейілбек танысып қайтты.

БРОНИСЛАВ СЕХОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

- Мы сами любим железную дорогу, и вот я никуда не уходил. Только на железной дороге работал всю жизнь...

Өмір бойы теміржолшы болып жұмыс істеген Бронислав Петрович мамандық таңдауда қателескен жоқпын дейді.  1955-ші жылы Новосібір қатынас жолдары институтын тәмамдап, Петропавл жол бөлімшесіне инженер болып жұмысқа орналасқан. Бұл жерде адал еңбек етіп 50 жылдан соң станцияның бас инженері ретінде зейнет демалысына шығады.  Бізбен кездесу барысында еңбек ардагері осы уақыт аралығында қызметтік міндетін атқарамын деп басын көптеген қауіп-қатерге төндіргенін де еске алды.

БРОНИСЛАВ СЕХОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

- Шамамен 1960-1962ші жылдары жүк поезы рельстен шығып кетіп, құлады. Сол кезде қып-қызыл шарап төгіліп, барлық жер қан секілді болды. Тағы бір жағдай болған еді. Машинист тыйым салатын сигналдан өтіп кетіп жолаушылар поезына соғылды. Бұл оқиғада өкінішке орай көптеген адам көз жұмды. Осындай кездерде теміржолшылар салқынқандылық таңытып жылдам әрекет етуі тиіс.

Ал, Вилиора Александровна болса теміржол емханасында тіс дәрігері болып еңбектенген. Ол кезде сапаржайдың маңында бақ болыпты.  Жастар сол жерде би кешін ұйымдасырып, ол Бронислав Петровичпен сонда танысып, табысқан.Теміржолшының жары болу оңай емес екенін жасырмайды Вилиора әжей.

ВИЛИОРА СЕХОВА, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

- Бронислав Петрович күні-түні кезекшілікте болғандықтан үйдің тыныс-тіршілігі менің мойнымда. Ал, үйленгеннен соң алғашқы жылдары бұл кісі түнде «19-шы жолға бер» деп айқай салатын кездері көп еді. Күні-түні бар ойы сүйікті жұмысында болатын. Соған қарамастан тату-тәтті өмір сүрдік. Бала-шағамызды адал тәрбиеледік. Қазіргі таңда олар біздің ісімізді жалғастырып жүр. Өзге жандарға үлгі.

Бронислав Петрович пен Вилиора Александровнаның балалық шағы сұм соғыс жылдары өткендіктен екеуі де ауыр еңбекпен келген нанның бағасын жақсы түсінеді. Биыл олардың шаңырақ құрғандарына 60 жыл толмақ. Олар 2 бала мен 4 немере тәрбиелеп отыр. Әке жолын қуғандары да бар.  

Қазіргі таңда Бронислав Петрович теміржол саласы ардагерлер кеңесін басқарады.  Түрлі мәдени, спорттық  шаралар өткізеді. Ал, Вилиора Александровна болса үй шаруасында. Қарияларды жыл сайын қарттар күнінде бұрынғы әріптестері келіп, құттықтап, жылы тілектерін білдіреді. Сеховтар әулеті адал еңбек етсең болашағың да жарқын болады деген ұранмен өмір сүреді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 23 қазан 2020
ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:41, 21 қазан 2020
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...