ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ Толығырақ

ЕЛ ЖҮРЕГІ – НҰР-СҰЛТАН

17:23, 3 шілде 2020

Биыл еліміздегі ахуалға байланысты  Елорда  күніне арналған  барлық мерекелік   іс-шаралар  онлайн түрде өтпек.   Облыстық  мәдениет, архивтер және   құжаттама  басқармасының   ұйымдастыруымен     қала бойынша 30-ға жуық  іс-шара  өткізілді. Соның бірі  -  тарихи-өлкетану  музейіндегі  фото көрме.    

Тұңғыш президент айтып кеткендей  «қабырғасымен ғана емес, адамдарымен де көрікті» Астана секілді   қаласы бар еліміздің болашағы жарқын. Биік ғимараттар мен зәулім үйлердің көбі  барлығы да Н.Ә.Назарбаевтың идеясы бойынша салынған. Мемлекет басшысының жарлығымен бүгінде әлемге танылған бас қаламыздың аты 2019 жылы Нұр-Сұлтан болып ауыстырылды. Және күн санап көздің жауын аларлықтай өсіп, гүлденіп келеді.Нұрсұлтан Назарбаевтың Солтүстік Қазақстан облысының халқына деген ықыласы ерекше.  Жыл сайын осы өңірге жұмыс сапарымен келіп, егістік алқаптарын аралап, әлеуметтік маңызы бар нысандардың ашылуына қатысты. Өңір халқымен тілдесіп, әлеуметік-экономикалық дамуымызға да өзінің оң бағасын берген.

Өткен жылы Петропавлдағы бас көшелердің біріне Елбасының есімі берілді. Және әрқашан да астана күні облысымызда кең көлемде аталып өтеді. Биыл пандемияға байланысты шаралардың   барлығы – онлайн. Облыстық тарихи-өлкенату мұражайы тұңғыш президенттің салған сара жолын бейнелейтін «Ел жүрегі-астана» атты фото көрме ұйымдастырды. Ол жерде Целиноград, Астана және қазіргі Нұр-Сұлтанның  тарихы мен көрікті жерлері бейнеленген 40-тан астам туынды    орналастырылған.

САИДА РАШЕВА, ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ:

- СҚО тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаевқа арналған зал бар. Бұл залда Елбасының барлық өмірлік кезеңдері айқын көрініс алып отыр. Оның балалық шағы, отбасы, студенттік кезеңдері. Қызметін бағалайтын фото-суреттер орналасқөан. Астана күніне орай осындай фото көрме ұйымдастырылып отыр. қала тұрғындары бас қаланың басты мәселелерін, басты оқиғаларын, басты ғимараттарын тамашалай алады.

Фото көрмены өңір тұрғындары әлеуметтік желі арқылы , облыстық өлкетану музейінің жеке  парақшасынан тамашалай алады. Айта кетейік, 2020 жыл еліміз үшін айтулы даталарға толы. Биыл бас қаламыз Нұр-Сұлтанға 22 жыл толса, Тұңғыш Президентіміз – 80 жасқа толмақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚЫЗЫЛ ОБА» ҚОРЫМЫНДА ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ УАҚЫТША  ТОҚТАТЫЛДЫ
17:25, 10 шілде 2020
«ҚЫЗЫЛ ОБА» ҚОРЫМЫНДА ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
20:37, 29 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
20:35, 30 шілде 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
Толығырақ...
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
20:42, 30 шілде 2020
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...