ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ҰЛЫ АБАЙ

20:50, 30 маусым 2020

Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері   Ұлы Абайдың шығармаларын орындауда  сайысқа түсті.  Ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған шарада  үздік атанғандардың   қатарында   Полиция Басқармасының жетекші маманы Жанар Махатова да бар.

Ұлы ойшылдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» шығармасын оқып, мемлекеттік қызметшілер арасында өткен байқауда үздік атанған Жанар Махатова Петропавл қаласы Полиция Басқармасының жетекші маманы. Нәзік жан сайыста мұнымен қоса Абай Құнанбаевтың 1-ші қара сөзін де оқыған. 5 жылдан бері мемлекеттік қызмет жүйесінде еңбектеніп жүрген Жанар бұл шығармаларды таңдауымның басты себебі хәкім атамыз секілді жастарды оқу-білімге шақыру дейді.

ЖАНАР МАХАТОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ  ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

- Абайдың қай шығармасында алып қарасақ, әрбір өзінің қара сөзінде, поэзиялық шығармаларында да өзінің елі мен жұртын білімге, ақылға жетелеген.Яғни бұл алға басудың,өркендудің негізі ақыл-білім деп кеткен. Кез-келген жетістіктерге, биік белестерге жету үшін әрқашанда ізденіп, білім қуу керек. Яғни білім нәрімен сусындау керек.

Жалпы байқауға облыстың түкпір-түкпірінен 50-ге жуық өтінім келіп түскен. Алайда, 40-ы ғана талаптарға сай болып шықты. Қатысушылардың алдына қойылған басты талап Абай атамыздың өлеңін, қара сөзін сонымен қатар әнін жатқа орындап, камераға жазып алу. Кейін оны фейсбук әлеуметтік желісіне салып, Абай175 хэштегін белгілеу.

Мемлекеттік қызмет істері департаменті ұйымдастырған сайыста бар әлемге танылған «Көзімнің қарасы» әнін орындаған облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Болыспаев 3-ші орынға ие болды. Ал, «Абайдың қара сөздері» номинациясында Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары, ауданның әдеп жөніндегі уәкілі Үмітжан Нұртазина 1-ші орынды жеңіп алды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше байқаудың басты мақсаты қазақ ақыны, композитор, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың әдеби шығармаларын оқуға қызығушылықты арттыру және дарынды мемлкеттік қызметшілерді қолдау.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...