ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ БАНДОНЕОНИСТ

18:10, 1 қараша 2019

Жастар сарайында бүкіл әлемге танымал бандонеонист Марио Стефано Пьетродаркидің «Буэнос-Айресте күз» атты кеші өтті. Сонымен қатар «Астана Опера» театрының солисті Бағдат Әбілханов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, өнерпаз Айсұлу Байкенова да бір сахнада өнер көрсеттті.

Марио Стефано Пьетродарки 1980 жылы Италияда дүниеге келген. 9 жасынан бастап аккордеонда ойнаса,кейінірек бандонеон аспабын меңгереді. Римдегі Санта Сесилия музыка академиясының түлегі. Жастайынан көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы.Танымал музыкант әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсетіп, бүгін Петропавл қаласының көрермендімен қауышты.

МАРИО СТЕФАНО ПЬЕТРОДАРКИ, МУЗЫКАНТ:

- Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым.Өте тамаша мемлекет. адамдары ұнады. өте қарапайым,мейрімді жандар.Маған Қазақстан туралы көп айтқан,әсіресе оның тамаша табиғаты туралы.Мен осы Республика жайлы көп білгім келді,себебі маған велоспрот өте ұнайды,ал жерлестеріңіз Александр Винокуров болса Европаға әйгілі спортшы.Аз уақыттың ішінде Алматы қаласына барып та үлгердім,сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында болып ұмытылмас әсер алдым.Болашақта осында қайта келіп,ең үздік деген театрларда өнер көрсетсем деймін.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов Марио Стефано Пьеотродаркимен бұрыннан таныс.Осы кеште ол әріптес, сахналас досымен бірге қызылжарлдық көрерменге әсем кеш сыйлады.   

АБЗАЛ МҰХИТДИНОВ, ДИРИЖЕР, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Бүгін бізге Италияның солисті Марио Стефано Пьеотродарки келді.Өте әйгілі аккордеонист,біз оны өз арамызда бандонеонист дейміз.Бандонеон деген аспап,баянға ұқсас,қазақтарда бұрын гармонь деп аталған.Өте әйгілі әртіс,әлем бойынша 55 мемлекетте болған Марио Стефаноның 56-шы Республикасы Қазақстан болып отыр

АЛМАГҮЛ ТАСТАНОВА, ТІЛШІ:

- Әлемдік деңгейдегі музыканттың қолында бандонеон аспабы. Испан тілінен аударғанда тілдік музыкалық аспап деген мағынаны білдіреді. 1840 жылы Креффельд Генрих Бандтың неміс концернінің негізінде құрастырылған. Бастапқыда Германиядағы шіркеулерде рухани музыканы орындау үшін қолданылған.

Кешке жиналғандардың қарасы қалың.Өнер сүйер қауым,рухани азық алды.

Негізінен маған  концерт өте ұнады.Жақсы әсер алдым. «Астана Опера» театрынан келген Айсұлу Байкенованы тыңдап,өнеріне тәнті болдым.

Бұл жерде жанды музыка орындалды.Әр көрерменнің жүрегінен орын алатындай туындылар ойналды.Кез-келген адамның жүрегіне жетті деген ойдамын.

Алдағы уақытта Марио Стефано Пьетродарки шет елдерге гастрольдық сапарын жалғастырмақ.

Алмагүл ТАСТАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...