ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ӘНШІ ӘДІЛХАН МАКИН ПЕТРОПАВЛДА

20:33, 18 шілде 2019

Қызылжар өңірі талай ұлыны тудырды. Қазірдің өзінде өнерімен дараланып шығып жатқан тұлғалар жетерлік. Жақында әнші Әділхан Макин ел мерейін үстем етті. Атағы жер жарған «Славян базары» халықаралық фестиваліне қатысып, майталмандарды таңдай қақтырды. Бұл күні жерлесімізге жан-жақтан құттықтаулар жолданып жатыр. Туған өлкеге келген Әділхан Макинді облыс әкімі қабылдап, алғысын білдірді.   

«Славян базары» фестивалінің ауқымы кең. Музыка додасына Беларусь, Ресей, Германия, Швейцария, Қытай, Латвия, Молдова секілді мемлекеттеріің айтулы эстрада әншілері қатысты. Солардың арасынан жерлесіміз Әділханның топ жаруы еліміздегі өнер мен мәдениет саласындағы кәсіби үрдістің биік деңгейде екендігін тағы бір көрсетті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ , СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біздің облысымыз тарихи-мәдени тұлғаларға бай облыс. Ермек Серкебаев сияқты ағаларымызды айтар едім.  Міне солтұлғалардың жолын жалғап келе жатқан ұрпақтар баршылық.  Самал Еслямова да бәрімізді қуантты. Енді міне, Әділхан халықаралық ән фестиваліне қатысып,  баршамыздың мереймізіді үстем етті.

Өңір жетекшісі Әділханға алғысын білдіріп, ерекше ілтипаттың белгісі ретінде Құрмет грамотасын ұсынды. Өнер майталмандарының көңілінен шығу оңай  емес. Әділxан Макин Витебскіде екі күн бойы ерекше таланты мен вокалдық мүмкіндіктерін көрсетті. Сахнада кәсіби орындаушылық деңгейі мен актерлік шеберлігі жарасым тапқан. Осы қырымен ол қазылар алқасы мен тікелей эфирді тамашалаған миллиондаған фестиваль жанкүйерлерінің таңдайын қақтырып, ыстық ықыласына бөленді. Мұның бәрі, әрине, қажырлы еңбек,  ұстаздары мен тәлімгерлерінің сіңірген еңбегінің жемісі. Әділхан М.Жұмабаев ауданына қарасты Бірлік ауылының тумасы. Қаладағы 6-шы мектепте оқыған.

САЙРАН МҰСТАФИНА,  ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ №6 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Есіңде болса, 5-сыныпта жігіт сұлтанына қатысқан болатынсың. Сол өміріңдегі алғашқы байқауың болды. Сыныптастарың сонда саған жұлдыз деген атақ берген. Міне, бүгін сен нағыз жұлдыз атандың. Әлемнің үлкен сахнасын бағындырдың. Қазақстанның туын көтердің. Сол үшін саған алғысымды айтамын.

Осылай Әділхан Макин түрлі байқауларда шыңдалып, деңгейін өсіріп келеді. Оның «Славян базарында» көрсеткен өнері соның айғағы. 

Әділхан Макин үш октава шегіндегі диапозонға ие. Аздап баритонмен де ән айтатыны бар екен. Соған қарап ұстаздары оның классикалық әнге де бет бұрғанын қалайды. Әншінің алға қойған мақсат, міндеттері салмақты. Өміріндегі маңызды істі бастамас бұрын туған жері Бірлік ауылына барып, ақсақалдардан бата алмақшы.  

ӘДІЛХАН МАКИН, «СЛАВЯН БАЗАРЫ-2019» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ:

- Осы байқаудан кейін адамдар маған басқаша қарайтын болды. Туған жеріме келіп, үлкендерден бата алғым келеді. Осындайобадан кейін үлкен компазитор, профессорлармен жұмыс істесем деген ниетім бар.  Әлі халқымды жақсы әндермен қуантамын деген үміттемін.

Жерлесіміз қазір Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алады. 24 жастағы Әділхан мансап қумақшы. Қазіргі таңда педагог Иоаннис кайсидиден дәріс алып жүр. 

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...