ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

ЕРЕКШЕ ТЕАТР АШЫЛДЫ

20:47, 7 қазан 2019

Өңірде есту қабілеті нашар жандардан құралған ерекше театр ашылды. Шығармашылық топ 50 адамнан тұрады. Және оның барлығы да кәсіби бишілер. Ең алғашқы қойылым Петропавл қаласында өтті. Келешекте өнер ұжымы гастрольдік сапар аясында барлық өңірлерді араламақ.

Өңірге танымал «Сенсетив» би ансамблінің мүшелері өздерін актер ретінде сынап көрді. Талантты жастар үш ай бойы күн-түн демей үздіксіз дайындалып, нәтижесінде ерекше театрды құрды. Айта кету қажет, аталмыш шараны Ұлттық Дельфий комитетінің өкілдері ұйымдастырды.

ҚҰРАЛАЙ ТҮСПЕКОВА, ҰЛТТЫҚ ДЕЛЬФИЙ КОМИТЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл балалар өте дарынды. Оларды қоғам білуі тиіс. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандар мектепті аяқтағаннан кейін олардың шығармашылықпен айналысуға мүмкіндіктері жоқ. Сол себепті осы театр құрылды.

Гастрольдік тур аты аңызға айналған «Джунгли кітабы» повесіне негізделген қойылымнан басталды. Спектакльде адам бойындағы абырой, ерлік, адалдық сияқты асыл қасиеттер құндылығы көтерілді. Жобаның идеясы- жұртшылыққа шығармашылықтың шексіздігі туралы айту. Сондай-ақ, дарын иесі ауру және сау адамға бөлінбейтінін көрсету.

ИРИНА КУЗЬМИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Менің ұлым Евгений Кузьмин «Сенсетив» ансамблінің солисті. Қазір топ мүшелері үшін жаңа кезең басталды. Олардың армандары орындалды деуге болады. Баламның құлАҚ мүкісі бар. Ол барлық қиындықтардан өтті. Еңбектің арқасында осындай нәтижелерге жетті. Біз өте қуаныштымыз. 

Бүгінгі күні театрда 50-ге жуық актер бар. Солардың бірі- Айнұр Саинова. оНЫҢ «Сенсетив» би ансамблінде өнер көрсетіп жүргеніне он жыл. Талапшыл қыз сахнада қобалжымай, өз рөлін жақсы ойнап шықты.

АЙНҰР САИНОВА, «СЕНСЕТИВ» АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ:

Біз театр маусымының ашылуын тағатсыздана күттік. Арманымызға жеттік. Біз көптеген халықаралық жобаларға қатысып, биіктен көріндік. Болгария, Испания, Италия, Біріккен Араб Әмірліктерінде өнер көрсеттік. Тәжірибе жинақтадық. Қиын болды. 

Гастрольдік сапар аясында олар барлық өңірлерге баруды жоспарлап отыр. Ерекше театр ұжымына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетеді. Мұнымен қоса, Ұлттық Дельфий комитетінің өкілдері басқа қалалардан Паралимпиадалық ойындардың жеңімпаздарын өнер жолына тартуды жоспарлап отыр.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:02, 22 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар