ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

ЕРНАР АЙДАР ӘН КЕШІН ӨТКІЗДІ

13:05, 8 қазан 2019

Белгілі әнші  Ернар Айдар «Жастар жылы» аясында Петропавл қаласына келіп, ән кешін өткізді. Концертте  халықтың көңілінен шығып үлгерген туындылар мен қатар  жаңа  әндер де шырқалды.

Танымал әнші  Ернар Айдардың ән кешіне келген халықтың қарасы қалың. Жас әнші гастрольдік сапармен Петропавл қаласына осымен 5 ші жыл қатарынан келіп отыр.  Концерт барысында әнші мен  көрермен арасында ерекше байланыс орнады. Өнерпаз залда отырғандармен  әңгіме-дүкен кұрып, өз жоспарларымен де бөлісті.

ЕРНАР АЙДАР, ӘНШІ:

- Қызылжар жеріне бірінші рет келіп жатқан жоқпын. Керемет қарсы алады. Ерекше ықыласты. Сағынып тұрады. Ақжаулықты аналарымыз батасын беріп, гүл ала алмаған едік деп, өзінің қалтасындағы 500 теңгесін беріп жатыр. Ақшада тұрған ештене жоқ қой. Ықыласы көңілі, ниетін білдіріп жатыр. Рахметімді айтамын Қызылжар өңіріне, әрдайым қазақ өнерпаздарын қолдай беріңіздер. 

Кеште  көрермендер әншінің   көптің  көңілінен шығып үлгерген хит әндері «Жарай ма», «Күнім сен сөнбеші»  әндерін  бірге  қосылып шырқап, билеп,  жаңа туындыларды ерекше ықыласпен қабылдады. 

- Ернар Айдардың өлеңдерін өте жақсы көрем. Теледидиардан көрем, Концертке бірінші рет емес, алдында да келіп отыратынбыз. Рахмет. Ол- қазақстанның жарық жұлдыздарының бірі. Өте жақсы көреміз.  Концертіне ризамыз./

- Ернар Айдардың концерті өте тамаша өтті. Көңілімізден шықты. Көп рахмет әкімшілікке осындай біздің қаланың тұрғындарына сондай сыйлық сыйлағандарына өте рахмет. 

Сонымен қатар, шара барысында жергілікті өнерпаздар да әннен шашу шашты.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:02, 22 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар