ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

ФОЛЬКЛОР – МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

17:57, 9 қазан 2019

Ұлтымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтау. Ата-бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту. Осы мақсатта облыстық халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметі орталығында «Бабадан қалған асыл мұра» және «Фольклор-мәдениеттің қайнар көзі» атты семинар-конференция өтті. Шарада қандай мәселелер көтерілді? Оны келесі сюжеттен білелік.

Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай. Кейбірі халық арасында кеңінен қолданылып жүрген болса, көбі ұмытылып барады. Сол ұмытылып бара жатқан ұлттық кұндылықтарға жаңадан дем беру, жастар арасында насихаттау мақсатында осыдан екі ай бұрын облыстық халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметі орталығы біздің арнамызбен бірігіп өңір аудандары бойынша экспедиция ұйымдастырды.

ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ ЖОБАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

Қазақтың қаншама салт-дәстүрі бар, көбін халық біле бермейді. Сондықтан осыны халық арасында қайтадан дәріптеу, жастарға үйрету мақсатында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен біз бүкіл аудандарды араладық. 5 ауданды араладық. Бастаңғы, ерулік беру, жиеннің нағашылауы, ақсүйек және соқыртеке ойындарын алып, осы бойынша 40 минуттық деректі фильм жасадық.

Арнамыздың түсірілім тобы мен экспедицияны ұйымдастырушылар Ғабит Мүсірепов, Уәлиханов, Айыртау, Жамбыл сынды аудандарды аралап, «Бастаңғы», «Ерулік беру», «Ақсүйек», «Соқыртеке» секілді ұлттық әдет-ғұрыптарымызбен және ойындарымызбен танысып, оларды тереңірек зерттеуге мүмкіндік алды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде келер жылы үлкен жобаны қолға алу жоспарда бар. Ол көрермендердің көзайымына айналған «Мен қазақпын» мега жобасына ұқсас болмақ.

ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ ЖОБАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

Жоба ұсынып жатырмыз, негізгі форматы халыққа дәріптеу, жастарға дәріптеу. Мұнын ерекшелігі. Мысалы, «Мен қазақпын» жобасында арнайы дайын әртістер ал салт-дәстүр туралы деректі фильмді жасау барысында біз қарапайым халықты, мәдениет үйінің жұмысшыларын тарттық.

Семинар-конференция барысында салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен қатар ұлттық аспаптарымыздың шығу тарихы, жасалу әдіс-тәсілдері айтылды. Қалалық 1ші арнайы түзету мектеп-интернатының ұстазы Серхан Батай өз қолымен нарқобыз бен қара домбыраны жасап, 2008 жылы Түркістан қаласында өткен мәдени-этнографиялық фестивальден жүлделі 3 орынды иеленіп келген.

СЕРХАН БАТАЙ, №1 АРНАЙЫ ТҮЗЕТУ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ҰСТАЗЫ:

Әртүрлі шеберлер, өнер адамдары жиналып, тәжірибе алмасып. Ұмытылып бара жатқан музыкалық аспаптарды жаңарту. Негізгі болмысын сақтаған нарқобыз секілді аспаптарды жастарға таныстыру. Мен тарихи деректерге сүйене отырып, осы нарқобызды жасап шықтым.

Шара барысында конференцияға қатысушыларға «Ұмыт болған дәстүрлер» атты деректі фильм көрсетіліп, экспедицияға атсалысып қатысқандарға алғыс хат табыс етілді. Осы орайда айта кеткен жөн бұл фильмді жақында біздің арнамыздың эфирінен тамашалай аласыздар.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:02, 22 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар