ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

«ГӘККУ» БИ АНСАМБЛІ БИІКТЕН КӨРІНДІ

20:52, 14 қараша 2019

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Гәкку» би ансамблі балалар мен жасөспірімдер арасында өткен халықаралық «Без границ» байқауына қатысып, бірінші орыннан көрінді. Биыл өнер додасы Ресей Федерациясының Санк-Петербург қаласында ұйымдастырылды. Петропавлдық бишілер Ресейдің Ленинград, Белгоград, Архангелка облыстары мен Беларусь республикасынан келген ұжымдармен сынға түсті.

Халықаралық «Без границ» байқауы жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл ел намысын зияткерлік мектеп оқушыларынан құралған «Гәкку» би ансамблі қорғады. Ансамбльдің құралғанына 4 жылдың жүзі болса да, олар шетел сахнасында сәтті өнер көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Жалпы, өнер додасында 42 ұжым  бақ сынасқан.

ЕСКЕНДІР БӘШЕЕВ, «ГӘККУ» БИ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ:

Биыл аталмыш дода осымен 16-шы рет ұйымдастырылып отыр. «Гәкку» би ансамблінің жетекшілері Розалия Гайнанова мен Виктория Тихонкова байқауға үлкен жауапкершілікпен дайындық жүргізгендерін айтады. Ұстаздардың еңбегі еленіп, тәрбиеленушілері қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Оларға әсіресе сахнадағы жоғары деңгейдегі шеберлік пен қазақ халқының ұлттық билерін орындаудағы кербездік пен икемділіктің әдемі үйлесім тапқаны ұнаған.

ВИКТОРИЯ ТИХОНКОВА, «ГӘККУ» БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Халықаралық жарысқа мықтап дайындалдық. Шынымды айтсам, осындай жетістікке жетеміз деп ойлаған жоқпыз.  Бұның барлығы еңбектің арқасы деп білемін. Дайындық аптасына үш мәрте өткізіліп тұрды. Балалар барлық тапсырмаларды бұлжытпай орындады. Біз бұған дейін облыстық, республикалық додаларға қатысып, топ жарған едік. Енді міне, Ресейдің Санкт-Петербург қаласын бағындырып отырмыз. Сондай-ақ, біздің ансамбль «Қара жорға» биін орындап, ұлттық өнерді насихаттап, дамытуға қосқан үлесі үшін дипломмен марапатталды.

«Гәкку» би ансамблінің  жоспарлары көп. Келешекте де олар халықаралық додаларға қатысуды мақсат етіп отыр. Шақыртулар да түсіп жатыр екен.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:58, 10 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...