ШҰҒЫЛ! СЕНАТ СПИКЕРІНІҢ РЕСМИ САПАРЫ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

20:45, 3 қыркүйек 2019

Солтүстікқазақстандық жас суретшілер  Ресей мемлекетінде өткен 18-інші ұлтаралық пленэрдан жүлдемен оралды.  30 мемлекеттің намысын арқалаған 600 қатысушының ішінде жерлестеріміз қазақ елінің абыройын асқақтатты. Толығырақ жеңімпаздармен тілдесіп келген әріптесім тарқатсын.

Ресейдің 31 өңірінен, әлемнің 30 елінен дарынды балалардың еңбектері  сараланып, дарындылары Суздаль қаласында бас қосты.  Олардың 7-еуі біздің жерлесіміз. Рыстгүл Күшерова халықаралық байқауда 2 орын және арнайы сыйлық иеленді.

РЫСТГҮЛ КҮШЕРОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Пейзаж, портрет, архитектуралық ескі ғимараттардың суретін салдым. Қазылар алқасына 7 жұмыс ұсындым. Оның 5-еуін а3, ал 2-ін а4 форматындағы қағазға акварельмен салдым. Байқауға қатысқаныма қуаныштымын. Ең бастысы тәжірибе жинақтадым.

Байқаудың басты мақсаты- балаларды ШЫҒАРМА АРҚЫЛЫ Владимир өлкесінің мәдениетімен, елдің дәстүрлерімен таныстыру және оларды далалық жағдайда сурет салуға үйрету. Балаларды ертіп барған жетекші Инна Рипачеваның айтуынша, мұндай байқаулар жас суретшілердің дамуына оң әсер етеді.

ИННА РИПАЧЕВА, «ЮНЕСКО КЛУБЫ» КӨРКЕМ  МЕКТЕБІНІҢ ПЕДАГОГЫ:

- Балалар жаңа әдіс-тәсілдерді үйренді, суретші ретінде болашаққа азық алды. Олар өзге ел мәдениетінің тарихымен танысты. Өз деңгейлерін көрсетті, басқа балалармен танысты. Шығармашыл адамдарға мұндай байқаулардың, танысулардың берері мол.

Байқау шарты бойынша қатысушылар белгілі уақыт ішінде өз жұмыстарын аяқтаулары керек болған. Жерлес суретшілеріміз талаптардың барлығын уақытылы орындап, жақсы жағынан көріне білді.

ВАЛЕРИЯ СОКИРКО, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ:

- Мен қашықтықтан қатыстым. Жұмысым «Ресей жақын» деп аталады. Өз суретімде бір-біріне ұлттық тағамдардан дәм татырып тұрған екі апаны салдым. Бірі қазақ болса, екіншісі орыс. Бұл суретім арқылы екі мемлекет достығын бейнеледім. Өзіме өте қатты ұнады.

30 ел қатысқан  сайыста Қазақ елінің  туын көкке көтеру біз үшін үлкен мәртебе дейді жас суретшілер. Енді өңір мақтаныштары қазан айында Санкт-Петербор қаласында өтетін байқауда ел намысын қорғайды. 

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:02, 22 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар