ШҰҒЫЛ! 1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ Толығырақ

ИЛЛЮЗИОНИСТЕР ШОУЫ

13:04, 4 қараша 2019

Петропавлда алғаш рет иллюзионисттер шоуы өтті. Екі атақты сиқыршы Игорь Зорин және Игорь Овсейчик жиналғандарды кеш бойы таң қалдырып, ғажайып әлемге саяхатқа аттандырды. Бірнеше сағатқа созылған шоу жайлы әріптесім тарқатсын.  

Ең мықты екі иллюзионист - өз кәсібінің шеберлері Петропавлда ерекше кеш өткізді. Олар үшін сиқыр - қолдың ептілігі немесе құпия техниканы шебер қолдану емес, сиқыр - көрермендердің алған әсерлері, қуаныш пен қобалжу, олардың эмоцияға бөленуі. Игорь Овсейчик ресейлік «Удиви меня» телешоуына қатысып, финалда ойын көрсеткен еді.

ИГОРЬ ОВСЕЙЧИК, СИҚЫРШЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ:

Иллюзионист - ең ерекше  мамандықтардың бірі деп есептеймін. Бұл туралы жақында Краснояр қаласында ТМД елдерінің сиқыршылармен кездесіп, талқылаған болатынбыз. Сол жерде бір досым, неге сиқыршы болуды таңдадың, ақша үшін бе? деп сұрады. Жоқ. Сиқырсыз өмірімді елестете алмаймын. Бұл өмір бойы мені жігерлендіріп келеді. Ақша төлемесе де мен бұл істі тастамаймын.

Шоу әзілдерден, көрермендермен түрлі  интерактивті ойындардан және, әрине, сиқырдан тұрды. Иллюзионистер ойын қартымен түрлі сиқыр көрсетіп, кубик-рубикты 1 секундта жинады. Адамдарды ауаға көтеріп, сиқырға сенбейтіндер де бұл кеште ерекше әсер алды.      

ИГОРЬ ЗОРИН, СИҚЫРШЫ, ПЕТРОПАВЛ  ҚАЛАСЫ:

- Мұндай шара біздің қалада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұның өзі эксклюзив. Көрермендерді жаңа  бағдарламаммен таныстырмақпын, өте қобалжып тұрмын. Барлығы ойдағыдай өтіп, жиналғандардың көңілінен шығады деген ойдамын. Менің кәсібім адамдарды таңғалдыру және мен бұл міндетімді орындауға тиіспін. 

Сиқыр бұл – біздің түсінігімізге жат құблысты мүмкін етіп көрсету. Және бұл кеште солтүстікқазақстандықтар бұған көз жеткізе алды.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:57, 24 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
СҚМУ СТУДЕНТТЕРІ ЕКІ ДИПЛОМ АЛЫП ШЫҒА АЛАДЫ
20:40, 26 ақпан 2020
СҚМУ СТУДЕНТТЕРІ ЕКІ ДИПЛОМ АЛЫП ШЫҒА АЛАДЫ
Толығырақ...