ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛАНДЫРУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ Толығырақ

ҚАРА ШАҢЫРАҚТА ЖАҢА МАУСЫМ

20:45, 16 қазан 2019

С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры XX маусымын қорытындылап, XXI маусымның шымылдығын түрді. Өнер ұжымы кешке ерекше дайындықпен келіп, жиналған қауым алдында ән айтты, би биледі. Бұл күні көрермен көзайымына айналып, талантымен елге танылған сахнагерлер марапатталды.

Сегіз қырлы бір сырлы. С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актерларын осылай сипаттауға болады. Өйткені олар ән де айтады, би де билейді. Ал ұжымға жаңа қосылған Абылай Әубәкіров  бірнеше сиқыр көрсетіп, талайды таңдай қаққызды. Жас актер Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмадапты.

АБЫЛАЙ ӘУБӘКІРОВ, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРЫ:

Театрға бұрын да келіп тұратынмын. Спектакльдерін көрдім. Жалпы театр ауыстырдым десем болады. Тәжірибемді шыңдау үшін келдім.

С. Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театры ұжымы өткен маусымда Үш халықаралық, екі республикалық фестивальдің бас жүлдесін иеленді. Театр актерлері Мағжанның «Шолпанның күнәсі»  және Мұхтар Әуезовтың «Қарагөзін» саханалап шетелдік сарапшылардың жоғары бағаларын алды, әлемге танылды. Жаңа маусымда да атқаратын шаруа көп, көрермен назарына тың спектакльдер ұсынбақ.

БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ  ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Міне биыл бастадық 21-ші маусымды. 20-шы жыл келе жатқан театрдың 20-жылдығы, Абайдың 175 жылдығы, Алтын Орда, әл-Фараби, үлкен осы еліміз үшін құнды дүниелердің мерейтойлары келе жатыр. Соған міне қазір көркемдік кеңес материалды қарау үстіндеміз. Пьеса, қойылым таңдап жатырмыз. Бірінші отырысымыз өтті, енді желтоқсан айында екінші отырысымз өтеді. Сәтін салса нақты шешім қабылдаймыз. 20-шы жыл, 21 – маусым театр тілімен айтқанда тарихи дүниелер көп болады, қойылымдар

Қазірден бастап театр ұжымына халықаларық фестивальдерге қатысуға ұсыныс түсіп жатыр. Биыл Абайдың 175 жылдығына байланысты шетелдік саханаларда «Абай тағдыры» атты жобаны дайындап жатырмыз дейді өнер ұжымының жетекшілері. 

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар