ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ КЕМЕҢГЕРІ

20:45, 28 қазан 2020

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада Қазақ халқының ұлы кемеңгері – Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті. Шараға қатысушылар тарихшы, географ және әдебиетшінің шығармашылығы жайлы өзара тың деректермен бөлісті. 

Шоқан Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған, кейін орыс мектебінде білім алған. Ол қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі.

ӘСЕМ ӘБДІРАЙЫМОВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

- Мен өзімнің баяндамамда Ш.Уәлихановтың еңбектеріндегі жыршы, ақын-жазушылардың тіліне зеррттеужүргізгендігі туралы біраз мәліметтер келтіріп өтемін.Соның ішінде оның қазақ поэзиясына қосқан шығармалары жайлы ақпаратпен бөліспекпін.

Қазіргі Айыртау ауданының Сырымбет ауылында Шоқан Шыңғысұлының балалық  шағы өткен. Ағартушының әжесі Айғаным білімді болған, бірнеше шығыс тілін еркін меңгерген, орыс мәдениетімен таныс, жергілікті халық арасында беделі жоғары адам болды.

ЗЫЛЫЙҚА БИМАҚАНОВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ:

- Біздің архивімізде бүгінгі күні Айғаным әжесі яғни ол кісі өте білікті, білімді болған. Сол кезде Шоқанды «Шоқиғаным» деп атын атамай еркелеткен. Туған-туысқандары да тіпті солай атап кеткен. Жас кезінен оны білімге итермелеген, ынтасын отяқан. Шоқанның әжесі көптеген ғалымдармен жақын болды, оның болашақта ғалым болуына үлкен септігін тігізген.

Ғұмыры қысқа болғанына қарамастан Шоқанның артында философия, этнография, тарих, экономика, фольклор, әдебиет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері қалды. Облыстық әмбебап кітапханада бас қосқан зиялы қауым өкілдері Шоқан Шыңғысұлының шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау қажеттігін атап өтті.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МӘМС ҚОРЫНА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕУГЕ РҰҚСАТ
17:17, 5 қараша 2020
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МӘМС ҚОРЫНА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕУГЕ Р...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...