ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ БАЛАЛАРҒА АРНАП МАУСЫМ АШТЫ

17:52, 13 қыркүйек 2018

Шериф Вуди, Динозавр, Спанчбоп, Робот және Барби. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ театры бүлдіршіндер арасында аса танымал кейіпкерлер қатысқан «Ойыншықтар оқиғасы» спектакілін қойды. Осылайша, өнер ұжымы биыл алғаш рет балаларға арнап өз маусымын ашты.          

Уолт Диснейдің «Ойыншықтар оқиғасы» мультфилімінің кейіпкерлерін өңір бүлдіршіндері қазақ театрының сахнасынан көруге мүмкіндік алды. Қойылым кішкентай көрермендерді  ойыншықтарға ұқыпты қарауға, уақыттарын ғаламторда емес, достармен өткізуге,  достықты бағалай білуге үйретеді. 

ФАРХАД МОЛДАҒАЛИ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРЫ:

- Дәурен Тойбазаровтың режиссурасымен қойылған «Ойыншықтар оқиғасы» деген спектакль. Қазіргі замандағы ойыншықтарға деген көп көңіл бөлінбей жатқандығын, компьютердің, телефонның заманында ойыншықтарға деген балалардың көңілі ауыса деген ойда қойылған спектакль. 20-шы маусымды ең бірінші балаларға арналған маусым деп қойдық. Оған қоса, балаларға арналған тағы екі қойылым болады. 

Актерлардың айтуынша, балалардың алдында өнер көрсету аса жауапты әрі күрделі. Сахнадағы қойылымды балабақша жасындағылар қабылдауы үшін бойдағы актерлық шеберлікті жұмсауға тура келеді. Сондықтан бүлдіршіндерді қатал сыншылар мен басты көрермендер деп те атайды.   

ДУЛАТ ТАШКЕН, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРЫ:

- Көріп отырған нәрсесіне сенбейтін болса, Оларды күлдіре алмайсың, қорқыта алмайсың. Әрине әр спектакльдің өз қиындығы бар. Бүгінгі спектакль өте тамаша болды. Бәрі бізге жандары ашып, бізбен бірге қорқып, өлтірмеңдер, тиіспеңдер деп бізді қорғап отырды. Балаларға арналған спектакльде ойнағаныма қуанам. Ондайда дұрыс мамандық таңдағаныма тағы көзім жетеді.  

Театр ұжымы келген бүлдіршіндерді ойнатып, билетуге тырысты.  Балаларға арналған жаңа маусым олардың көңілінен шықты.

Жаңа маусымда өнер ұжымы ересектерді де жаңа туындыларымен қуантпақ.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, қазақ сазды-драма театры, жаңа маусым, театр

Тақырып бойынша материалдар

КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ
21:17, 15 қараша 2018
КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ОРКЕСТР ҚЫЗЫЛЖАРДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
17:53, 12 қараша 2018
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ОРКЕСТР ҚЫЗЫЛЖАРДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...